Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мерекесі күніне арналған іс-шаралар
28-30 қараша аралығында №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мерекесі күніне арналған түрлі формада іс-шаралар өткізілді.
28 қараша күні №9 кабинетте 2-сыныптар арасында Елбасы Н.Ә.Назарбаев туралы бейнефильмдер көрсетілді. Фильмде Елбасының балалық шағынан бастап Президенттік жолға дейінгі саяси өмірі қамтылған. Бейнебаяннан кейін жауапты сынып жетекшілер оқушыларға жетекші сұрақтар қойып, ойларын өрбітті.
«Достық және Татулық»
№1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде 2016 жылы 23 қарашада «Достық және Татулық» тақырыбында бірыңғай сабақ өткізілді. Республика аумағында тұрып жатқан ұлттардың салт-дәстүрі мен мәдениетін құрметтеуге және толеранттылыққа тәрбиелеу мақсатында 2-11 сыныптар арасында бірыңғай тәрбие сағаттар өткізілді. Достық бар жерде ынтымақтастық бар демекші сыныптарда «Достық және татулық», «Достықтың кілті татулық» тақырыбында қызықты тартымды тәрбие сағаттары өткізілді.
«Сыңғырла алғашқы қоңырау»
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Білім күніне арналған «Сыңғырла алғашқы қоңырау» атты салтанатты тікжиыны 2016-2017 оқу жылы
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Білім күніне өткізілген салтанатты жиынның «Сыңғырла, алғашқы қоңырау!» атты жиын сағат 10.00 де бастады. Тік жиын білім әлеміне апаратын ұстаздарымен 1 «А», 1 «Ә», 1 «Б» сынып оқушыларының алғашқы қадамдары қошаметпен ортаға шығып таныстырылды. (60 оқушы 1-ші сыныпқа келді. 1 «А», 1 «Ә», 1 «Б» сыныптары.)
«Денсаулық фестивалі – 2016»
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2017 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын орындау шеңберінде өткен «Салауатты өмір салтын ұстан!» ұранымен «Денсаулық фестивалі – 2016» акциясы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2017 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын орындау шеңберінде өткен «Салауатты өмір салтын ұстан!» ұранымен «Денсаулық фестивалі – 2016» акциясы сағат 10.00-де басталды. 1-11 сыныпқа дейін 560 оқушы қатысты. Еркебұлан Асқарұлы Сыздыков жиынды тік тұрғызып, әнұран орындалды.