10
7
8
9




Экскурсия по школе
Блог директора

<< < Желтоқсан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
27 28 29 30 31  

«Денсаулық фестивалі – 2016»

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2017 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын орындау шеңберінде өткен «Салауатты өмір салтын ұстан!» ұранымен «Денсаулық фестивалі – 2016» акциясы

   

   Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2017 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын орындау шеңберінде өткен «Салауатты өмір салтын ұстан!» ұранымен «Денсаулық фестивалі – 2016» акциясы сағат 10.00-де басталды. 1-11 сыныпқа дейін 560 оқушы қатысты. Еркебұлан Асқарұлы Сыздыков жиынды тік тұрғызып, әнұран орындалды.

   Алғашқы құттықтау сөз кезегі құттықтау сөзі мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі Айгерім Серікқызы Заирбаеваға беріледі.

   Келесі кезекте дене шынықтыру мұғалімдері оқушыларға бой жаттығуын жасатып, кейін «Флэшмоб» биін билетті.

   Дене шынықтыру пәні мұғалімі Самал Төлеутайқызы Абжанова «Денсаулық фестивалі - 2016» атты іс-шара бағдарламасымен таныстырып, оқушылар белгіленген ойындар бойынша сайыстарын бастады.

   3, 4-сыныптарда эстафета ұйымдастырылды. I орын 3 «В», II орын 3 «Ә», III орын 3 «А» сынып алды. I орын 4 «Б», II орын 4 «А», III орын 4 «Г» сынып алды.

   Пионербол ойынынан 5-6 сыныптар (қыздар арасында) I орын 6«Б», II орын 6«А», III орын 5«Ә» сыныптар алды.

   Осы сыныптар арасында футбол ойынынан (ұлдар арасында) I орын 5«Ә», II орын 5«Б», III орын 5«А» сыныптар, I орын 6«Б», II орын 6«Ә», III орын 6«А» сыныптар алды.

   9-10-11 сыныптар баскетбол ойынында ұлдар командасынан I орын 11 «А», II орын 10 «А», III орын 9(құрама команда), қыздар командалары арасында I орын 11«А», II орын 10«Б», III орын 9 «А» сыныптар алды.

   7-8 сыныптар арасында кросс жарысынан қыздар командасынан (1000 метр) I орын Шакаров Н., II орын Жұмағали А., III орын Сарайхан Э., (1500 метр) I орын Ханат Ж., II орын Қайрат Г., III орын Темеш М. алды.

   Ұлдар командасы арасында (1500 метр) I орын Тілеген Е., II орын Ханат Н., III орын Иманғали И., (2000 метр) I орын Ахметкаримов А., II орын Азмаханов А., III орын Қайрат Н. алды. Жарыстар аяқталған соң мектеп алаңына қорытынды жиынға жиналып, жеңіске жеткен оқушылар мен сыныптар мақтау қағаздарымен марапатталды. Қорытынды бөлімде мектебіміздің музыка пәні мұғалімі Гүлдана Қанатқызы «Туған Жер» өлеңімен жиынды аяқтады.

1 1
1 1

Сайт бойынша іздеу

Сайтқа кіру

Сайт статистикасы

Бүгін2
Кеше5
Апта11
Ай163
Барлық күндері37873

 

 

Температура параметрі

winter