Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мерекесі күніне арналған іс-шаралар
28-30 қараша аралығында №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мерекесі күніне арналған түрлі формада іс-шаралар өткізілді.
28 қараша күні №9 кабинетте 2-сыныптар арасында Елбасы Н.Ә.Назарбаев туралы бейнефильмдер көрсетілді. Фильмде Елбасының балалық шағынан бастап Президенттік жолға дейінгі саяси өмірі қамтылған. Бейнебаяннан кейін жауапты сынып жетекшілер оқушыларға жетекші сұрақтар қойып, ойларын өрбітті.
21-30 қараша аралығында 1-6-сыныптар арасында «Елі сүйген, елін сүйген – Елбасы» Президент кабинетіне, кітапханаға саяхат, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылар Елбасының өмірлік жолына арналған жаңа кітаптармен танысып, керемет әсер алды, жаңа ақпараттармен танысты.
29 қарашада 7-сыныптар арасында «Салауатты ұрпақ – тәуелсіздік тірегі» атты спорттық сайыс өтті. Сайыста әр топ топ атын, ұранын, эмблемаларын қорғап, таныстыруларын шығармашыл түрде жеткізді. 7 «А», 7 «Ә»,7 «В» сыныптары би түрінде таныстырса, 7 «Б» сыныбы өлең оқып, көрермендерді тамсандырды. Қалған сайыстар спорттық сайыстармен жалғасты. Бас жүлдені 7 «В» сыныбы, I орынды 7 «А», II орынды 7 «Б», II орынды 7 «Ә» сыныптары қанжығаларына байлады. Сайыс жоғары деңгейде өтті.
30 қараша күні 1-4-сыныптарда 5-сабақ, 5-11-сыныптарда 6-сабақ бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді. Атап айтсақ, 1-3-сыныптарда «Елбасы күні – елдікке құрмет» атты патриоттық сынып сағаттары өтті. 4-сыныптарда сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен инттелектуалдық ойын өтті. 5-сыныптарда «Көшбасшы ғасыры» викториналық сабақ өтті. 6-сыныптарда қосымша «Тұңғыш Президент» атты бейнефильм көрсетілді. 7-сыныптарда «Елбасы еңселеткен Елорда» атты оқушылар форумы өтті. Дөңгелек үстелге жиналып Астананың қалыптасуы және бүгінгі жағдайы туралы оқушылар баяндама оқыды. Кейін оларға сұрақтар қойылып, форум сұрақ-жауап түрінде өрбіді. 8-сыныптарда 1-Президент күніне үш тілде тәрбие сағаттары өтті. 9-сыныптарда 1-Президент күніне арналған жоба өткізіліп, электрондық стенд жасалды және ол оқушылар назарына ұсынылды. 10-11-сыныптарда «Әлем таныған тұлға» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оқушылар бір-бірімен ой бөлісіп, сұрақтар қою арқылы білімдерін, ой ұшқырлықтарын көрсетті.