10
7
8
9




Экскурсия по школе
Блог директора

<< < Қаңтар 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Ата-аналар жаднамасы

Ата-аналарға кеңес

 

   1. ЖАҚСЫ ҮЛГІ КӨРСЕТІҢІЗ. Қорқыту, ұрып-соғу, психологиялық қысым көрсету, намысына тию және т.б. тәсілдер жағдайды оңтайлы шеше бермейді. Балаңыз Сізді үлгі тұтып, Сізден өз ашу-ызасын күш қолданбай басуға үйренеді. Шек белгілеңіз. Шектеулер қою арқылы зорлық көрсетпей, өзіндік тәртіпке, көңіл-күйін бақылай алуға үйретеді.

   2. МЕКТЕПКЕ ЖИІ БАРУШЫЛАРДЫҢ ҚАТАРЫНДА БОЛЫҢЫЗ. Егер сіздің балаңыз дағдарыс тудыратын, өзін басқалардан кем сезінетін мәселеге тап болса, онда мектепке барыңыз. Мектеп қызметкерлері балаларды оқу мен жетілуге көмектесу қажет.

   3. БАЛАЛАРҒА ТЕЛЕДИДАРДАН КӨРСЕТІП ЖАТҚАН ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ АЙТЫҢЫЗ, үндемей сөндіріп тастамаңыз. Фильмдерде көрсетілетін зорлық-зомбылықтар – қызықтыру үшін, қоздыру үшін, көрерменді ұстау үшін қажет өнім екенін түсіндіріп, осындай фильмдегі жағдайларды өмірде қолданудың ешқандай жөні жоқ екенін айтыңыз.

   4. «МЕН СЕНІ ЖАҚСЫ КӨРЕМІН» ДЕГЕН СӨЗДІҢ МАҢЫЗЫН БАҒАЛАҢЫЗ. Кез-келген жастағы балалар мейірімге, жақсы көруге, басынан сиап, арқасынан қағуға зәру. Олар «Мен сені мақтан етемін!» деген сөзді естігісі келеді.

   5. ӨЗ БАЛАҢЫЗБЕН ЗОРЛЫҚТАР ТУРАЛЫ СӨЙЛЕСІҢІЗ. Сізбен өз қорқынышы, ашуы мен реніші жайлы сөйлескісі келген ниетіне қолдау көрсетіңіз. Ата-ана өз баласының үрейін естіп, қызығушылығы мен сезімін бөлісуі тиіс. Балаңыздың қарым-қатынасын қадағалаңыз. Егер балаңыз зорлық көрсе, болған оқиғаға байланысты жайды кінәлаудан немесе ақтаудан аулақ болуға тырысыңыз. Уақытты пайдаланып, шындықты анықтап, содан кейін Сіздің көмегіңіз арқылы болатын зорлықтардан қалай сақтап қалуға болатынын ойланыңыз.

 

Ата-аналар, «Балалар кітап оқымайды» деп кінә тағудан гөрі, баламен бірлесе кітап оқу арқылы оның ғажайып әлемінің сырына үңілуіне жәрдем беріңіздер. «Қалауын тапса қар жанар» деген халық мәтелі ақиқат екені даусыз.

•Үйіңізде баланың ақыл-ойын дамытатын энциклопедия, тілін дамытатын сөздіктер болсын.

• Керекті жерінде ол кітаптарды баламен пайдаланыңыз.

• Атақты адамдар, ақын – жазушылар жайлы қызықты оқиғаларды айтып әңгіме етіңіз.

• Балаңыздың туылған күніне кітап сыйлаңыз.

• Өзіңізге ұнаған нақыл, ақыл сөздерді қойын дәптеріңізге жазып, балаңызға көрсетіңіз.

• Кітапты баламен бірге оқып, пікіріңізді айтып, сырласыңыз.

• Белгілі бір оқыған кітап немесе кейіпкер жайлы баланың көзқарасы мен пікіріне құрметпен қараңыз.

• Балаңыздың тілінің, ойының сөйлеуінің дамуына, адамгершілік қасиетіне, адамдармен дұрыс қарым – қатынасына әсер етіңіз.

• Бала өзі оқыған кітабынан өзіне ұнаған нақыл сөз немесе цитаталарды қойын дәптеріне жазып алсын.

• Кітап сатып аларда баламен кеңесіңіз.

• Кітап оқиғасын бейнелейтін фильмдерді бірге көріп, талдап, кітаппен салыстыру қажет.

• Кітап, жазушы, ақын немесе кейіпкер жайлы пайда болған пікір сайыстың өзін баланың ой дамуына бағыттаңыз.

• Оқыған шығарманың негізгі идеясын түсінуге, тәрбиелік мәнінің негізі мен философиясын табуға жәрдем беріңіз.

• Оқу кезінде өзіне қатты ұнаған жерінің суретін салып, бірлесе әңгімелеуге, сипаттауға болады.

• Қызығушылығын арттыру мақсатында, ары қарай не болатынын болжап оқыту тиімді.

• Кейіпкер немесе автор орнында болса не істер еді, қалай жазар еді?

• Кейіпкердің жан дүниесін түсінуге талпыну.

 

Ата-аналарға ЖАДНАМА ӨЗ БАЛАҢЫЗДЫ ҚАЛАЙ ҚОРҒАУҒА БОЛАДЫ

 

   1. Қауіп төнген жағдайда балаңызға «Жоқ» деп айтуға құқығы бар екенінүйретіңіз.

   2. Егер біреу оны ұстап алуға әрекет қылса, «Бұл менің анам емес!» (немесе «Бұл менің әкем емес!») деп қатты айқайлауға үйретіңіз. Бұл айналадағылардың назарын аударып, қылмыскерді қорқытуға септігін тигізеді.

   3. Өз балаңыздың қайда баратынын, қашан келетінін, егер күтпеген жағдайда жоспар өзгерсе, телефоннан хабарлауға үйретіңіз.

   4. Мектептен және балабақшадан балаңызды өзіңіз алып кетуге тырысыңыз. Егер басқа біреуді жіберетін болсаңыз, онда алдын-ала тәрбиешісіне немесе мұғаліміне ескертіңіз.

   5. Беймезгіл уақытта балаңызды жалғыз жүргеннен гөрі, өзінің достарымен қыдырудың әлдеқайда қауіпсіз екенін сендіріңіз. Жалғыз өзі жүрген балаға қылмыскердің көзі түседі.

   6. Үй телефонын және көмек көрсету телефондарын балаңыз жатқа білу керек.

   7. Балаңызды кем дегенде жылына бір рет суретке түсіріңіз, бұл балаңыз жоғалған жағдайда сыртқы ерекше белгілерін сипаттау үшін қажет.

   8. Тыңдайтыныңызға, кеңес беруге, әрқашан да жақсы көретініңізді білуге тиісті және егер ол жоғалса немесе ұрланса, онда Сіз оны іздеуді ешқашан тоқтатпайтыныңызға сенімді болуы керек.

 

Психологиялық-педагогикалық тұрғыдан берілетін төмендегі 14 кеңеске құлақ түріңіз:

   1. Таңертен (не түсте) сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз-ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, басқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз. Тамағын ішпей жатып ұрыс-керіс ұйымдастырмаңыз.

   2. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да болдың!» астына алып айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.

   3. Баланы сабаққа (әсіресе таңертен) ашқұрсақ жібермеңіз;

   4. «Бұзық болма!», «Қисалаңдамай тыныш жүр!», «Бүгін 2 алсаң құртамын!» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік білдіріңіз;

   5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балыңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз. Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, «сені тындауға уақытым жоқ» демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият тыңдаңыз;

   6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі-ақ айтады;

   7. Бала бірдеңеге қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгімеге баланы қатыстырмаңыз;

   8. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып сабаққа дайындалтпаңыз. Олар да 2-3 сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі-сабаққа әзірленудің сәтті кезі.

   9. Бір мезгілдіе барлық сабаққа әзірлену талап етпеңіз. Әр сабаққа әзірленген кезде үзіліс жасау дұрыс;

   10.Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз.

   11.«Егер, сен, осы сабақты орындамасаң!» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз.

   12.Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін-еркін, жақын тартып әңгімелесіп тұрыңыз.

   13.Балаңыздың көңіл-күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін.

   14.Егер балаңы айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен, дәрігермен кеңесіңіз.  

Сайт бойынша іздеу

Сайтқа кіру

Сайт статистикасы

Бүгін2
Кеше5
Апта11
Ай163
Барлық күндері37873

 

 

Температура параметрі

winter