Жаңалықтар
Анонс
Құрметті қызмет алушылар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2021 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында «Ашық диалог» алаңында онлайн нысанда сауалнама жүргізіп жатыр.
Сауалнамаға белсенді түрде қатысуларыңызды сұраймыз.
Мұғалімдер күні
Жыл сайын дəстүрге айналған ұстаздар күні биыл ерекше аталып өтті.Майқайың кенттінде мəдени-сауық орталығының ұстаздар күніне арналған мерекелік шарасымен қарсы алды.
Ұстаз-өмірдің шамшырағы! Осы бір керемет атауды арқалаған жандарға ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де қарыздар. «Қазіргі заманда білім деңгейі жоғары ұлт қана, жаһандану талаптарына жауап бере алады. Сондықтан …білім саласы - елдің ертеңін айқындайтын, оның бəсекелестік қабілетіне ықпал ететін аса маңызды сала» - деп, Елбасымыз айтқандай, егемен елдің болашағын нұрландыратын , тəуелсіздігімізді тұғырландыратын өскелең ұрпақты тəрбиелеуші мұғалімдердің кəсіби мерекесі Майқайың кентінің мəдениет үйінде аталып өтті.
Мектепте оқушылар ұстаздарына мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін ән ,бимен қарсы алды. Салтанатты шараның соңы метептегі өнерпаз жас мамандардың ұстаздарға тарту ретінде əзірленген консерттік бағдарламасына ұласты.
Қарттар күні
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп өскен қазақ баласымыз. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарт кісілерге үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан-жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда.
1 қазан –Халықаралық Қарттар күні мерекесіне орай мектебімізде «Қарты бардың қазынасы бар» атты тәрбие сағаттары өтізілді. 1-11 сыныптар арасында «менің атам,менің әжем» атты видеолар түсіріп өз ата-әжелерін құттықтады.
Тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуіне үлестерін қосқан, саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан қарттарымыздың төл мерекесі құтты болсын!
«Менін Туым»
М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебінде облыстык «Менің Туым» жобасы өтті. Аталмыш жоба азаматтардың патриоттық құндылыктарын қалыптастыру, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне кұрметпен карау, халкымыздың дәстүрлері мен еліміздің өткен тарихи мұраларымызды құрметтеу,жас ұрпақтың белсенді азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру, патриоттық рухты күшейту мақсатында өткізілді.
Тәуелсіздік жетістігі
Қыркүйек айында М.Әуезов атындағы мектебінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік жетістігі» тақырыбында сынып сағаты мен ашық сабақтар өткізіледі.
Іс-шараның басты мақсаты — Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойының маңыздылығын және Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы жолында атқарған еңбегін жас ұрпаққа жеткізу. «Тәуелсіздік жетістігі» тақырыбында тәрбие сағаттарын өткізді. Жобаның ерекшелігі ашық сабақтарға тек оқушы мен ұстаздар ғана қатыспай, мемлекетіміздің қалыптасуына және аймақтың дамуына үлес қосқан ел азаматтары арасынан қонақ та шақырылған.
Іс-шара барысында оқушыларға ел Тәуелсіздігінің 30 жыл ішінде қол жеткен жетістіктері, еліміздің саяси-әлеуметтік ахуалы, білім мен мәдениет, тарих, рухани құндылықтар, ел бірлігі мен тыныштығы туралы келелі сөздер айтылды.
«Жақсылық жаса» пластикалық қалпақшаларды жинау акциясы
М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебінде облыстық «Жақсылық жаса» пластикалық қалпақшаларды жинау акциясы аясында пластикалық қақпақтарды жинау пунктері ұйымдастырылды. Жиналған қақпақтарды мектеп әкімшілігі сақтау бөлмесін ұйымдастырды.«Жақсылық жаса» акциясы жалғасын табуда бұл акция арқылы балалардың экологиялық мәдениет деңгейін көтеріп өсіп келе жатқан ұрпақтың әлеуметтік маңыздылығын, қайырымдылық сезімін қалыптастыру.
Балалардың қоршаған орта экологиясына деген қамқорлығын ояту мақсатында алдағы уақытта жұмыстар жалғасады.Қақпақшаларды тапсырудан түскен қаражат ауыр науқас балалар мен көмекке мұқтаж басқа адамдарға көмек беруге жұмсалады.Осы жұмыстар арқылы оқушылардың экологиялық жауапкершілігін қалыптастыру жұмыстары жүргізілді.