10
7
8
9




Экскурсия по школе
Блог директора

<< < Маусым 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Жаңалықтар

№1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі 2018-2019 оқу жылы

 

 

№1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі

2018-2019 оқу жылы

 

Іс-шара тақырыбы:   Ш.Аймановтың 105 жылдығына және шығармашылығына арналған интерактивті викторина

Мақсаты:  Қазақ киносының саңлағы, дарынды актер, шебер кинорежиссер, Қазақстанның және КСРО-ның Халық әртісі Шәкен Аймановтың өмір жолы,туып-өскен,оқып білім алған ортасы,қызмет еткен орындары туралы рухани білім беру.Қазақ киносының негізін салушы екеніне көздерін жеткізу.
Шәкен Аймановты дарынды актер және шебер режиссер ретінде насихаттау арқылы шығармашылық дағдыларын қалыптастыру. Халқына қалдырған шоқтығы биік туындыларына шәкірт жүрегінде сүйіспеншілік сезімін ояту, үлгі алуға,құрметтеуге тәрбиелеу.

Объект: 5-10 сынып

Оқушы саны:  250

Мерзімі:  Ақпан айы

Жауапты: ДТЖО , тәлімгер Шокаева А. А.

№ 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде қазақ киносының жарық жұлдызына айналған, тарихи тұлғаның бірі-Шәкен Аймановтың 105 жылдығына арналған зияткерлік сайыс өткізілді. Ш.Аймановтың өмірі мен шығармашылығынан сыр шерткен  зияткерлік сайысқа  5 «а», 5 «ә», 5 «в» сынып оқушыларынан құралған топтар  қатысты. Зияткерлік сайыста оқушылар  дарынды актер, шебер кинорежиссер, Қазақстанның және КСРО-ның Халық әртісі Шәкен Аймановтың өмір жолы,туып-өскен,оқып білім алған ортасы,қызмет еткен орындары туралы рухани білім алды. Сонымен қатар, Баянауыл өңірінің асыл перзентінің  көзі тірісінде халқына қалдырған  шоқтығы биік туындыларымен танысып, өз ой толғамдарын ортаға салды. Сайыс нәтижесі бойынша жоғары ұпай санын жинаған 5 «в» сынып оқушылары жеңімпаз деп танылды.

Ұсыныс:  Ш. Айманов туралы  білім қорларын жетілдіру. Ш.Аймановтың  өмір жолы мен шығармашылығына бағытталған іс-шараларды жалғастыру.

 

 

№1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі

2018-2019 оқу жылы

  

Іс-шара тақырыбы:   «Ертіс-Баян өңірінің алтын есімдері » Қабдыл-Ғалым Насырұлы Қаржасовтың 65 жылдығы

Мақсаты:  Өмірінің 30 жылын сурет өнерін дәріптеуге арнаған жерлесіміз Ғалым Қаржасовтың  өскелең ұрпақ арасында шебер атын насихаттау, өнерін елге таныстыру.

Объект: 5-9 сынып

Оқушы саны:  110

Мерзімі:  Қаңтар  айы

Жауапты: ДТЖО , тәлімгер Шокаева А. А.

№ 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде өнер бірлестігінің сурет пәні мұғалімдері  Шапиев Д.С. және  Абенов Е.Ж. Ертіс-Баян өңірінің алтын есімдері » Қабдыл-Ғалым Насырұлы Қаржасовтың 65 жылдығына орай оқушылар арасында көрме және сурет байқауын ұйымдастырды.   Шара барысында  суретшінің өмір  жолы туралы дерек беріліп,  суретшінің шебер қолдарынан шыққан  көптеген жұмыстары Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында, Павлодар, Семей, Атырау және Қарағанды көрскемсурет мұражайларында. Алматы қаласындағы, Қазақстанның басқа аймақтары мен Франция, Германия, канада көркемсурет галереялары мен жеке коллекцияларында сақтаулы тұрғаны  және ол Нью-Йоркте, Амстердам, Варшава, Вроцлав, Берлин, Штутгарт және Мюнхен мұражайларында, Астанадағы Тәуелсіздік сарайында, Алматыдағы «ОЮ» галереясында, Санкт-Петербургте өткен көрмелерге қатысқаны  туралы айтылды.

Сурет байқауының нәтижесі бойынша 5,9- сыныптар арасында  жеңімпаздар марапатталды. Оның ішінде Мүлік Айгерім 9 «ә» сынып оқушысы І орынға ие болды. Шакирова Айсезім 9 «а» сынып оқушысы Бас жүлдеге ие болды. 5 «в» сынып оқушысы Макажанова Айша ІІІ орынға ие болса, 6 «в» сынып оқушысы Егинтаев Мақсат  ІІ орынға ие болды. Қалған оқушылар қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.

Ұсыныс:  Өнер бірлестігі  келесі сурет байқауларын өткізу кезінде  жаңашылдықты ескеру, әрі қарай  жалғастыру.

Әлсіз жағы: Оқушылардың қатысу белсенділігін арттыру.

ДТЖО                Каукенова А.Қ.

 

 

№1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі

2018-2019 оқу жылы

 

 

Іс-шара тақырыбы: «Әжелер сөзі-тәрбие көзі» атты әжелер сайысы

Мақсаты:  Жас ұрпақты ата - баба дәстүрімен тәрбиелеу. Әже тәрбиесін үлгі ету. Әжелер айтқаны асыл екенін, әрі олардың өнегесін күнделікті өмірде пайдалану. Әжелер өнегесінің ерекшелігін ашу. Баланы кішіпейілділікке, қарт адамдарды құрметтеуге үйрету.

Объект: Ата-аналар, әжелер, оқушылар

Оқушы саны: 150

Мерзімі:  Наурыз айы

Жауапты: ДТЖО , тәлімгер Шокаева А. А.

№ 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы қарсаңында «Әжелер сөзі-тәрбие көзі» атты әжелер сайысы өткізілді. Сайысқа Айнагүл әже немересі Гауһармен, Баян әже немересі Елдармен, Зәуреш әже немересі Азизбен, Жаңыл әже немересі Кәусармен және Адиша немересі Аизиямен қатысты. Сайыстың І кезеңінде «Мен әжемін ұрпағын әлдилеген» тақырыбында әжелер өздерін таныстырды. «Өнерлі өрге жүзер» атты ІІ кезеңде әжелер мен немерелері өз өнерлерін ортаға салды. Бұл кезеңде ән шырқалып, түрлі қолөнер бұйымдары көрсетілді. ІІІ кезең «Сыр сандық» бөлімінде әжелеріміз  ұлттық салт-дәстүр, бала тәрбиесі жайындағы сұрақтарға жауап берді. IV  кезең «Әжелердің таңсық тағамы-ай...» деп аталды. Бұл бөлімде әжелер қазақ халқының ұлттық тағам түрлерін жарнамалады. Атап айтсақ, бауырсақ, сорпа түрлерін, қоспа, құрт, ірімшік  және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қарыннан жасалған ұлттық тағам «Бұжы» жасап әкелді. Сайыс қорытындысы бойынша, Жаңыл әже немересі Кәусармен Бас жүлдеге, Зәуреш әже немересі Азизбен І орынға, Адиша әже немересі Аизиямен ІІ орынға, Баян әже немересі Елдармен ІІІ орынға, Айнагүл әже немересі Гауһармен «Мейірімді әже» номинациясына ие болды. Әжелер сыйлықтармен, алғыс хатпен және медальмен марапатталды.

Ұсыныс:Әжелер сайысына келешекте әр сыныптан бір әженің қатысуын ұйымдастыру.  Мектеп пен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты арттыру мақсатында әр түрлі іс-шаралар ұйымдастыру.

 

 

 

№1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі

2018-2019 оқу жылы

 

Іс-шара тақырыбы:  «Ұлттық киім кию» акциясы

Мақсаты:  Қазақтың ұлттық құндылығына арналған асыл мұрамыз ұлттық киім киюді насихаттау, ұлтымызды ұлықтап, дәстүрімізді  дәріптеу.

Объект: Оқушылар, ұстаздар, мектеп ұжымы

Оқушы саны: 500

Мерзімі:  Наурыз айы

Жауапты: ДТЖО , тәлімгер Шокаева А. А.

Бүгінгі ұрпақ үшін қасиеті мен қадірі, мәні мен мағынасы, берер тәлім-тәрбиесі мен ұлағаты ерекше асыл мұра – қазақтың ұлттық киімдері. Қазақ ұлттық киімдері өзінің сипатымен, сырымен, сұлулығымен, сәнімен сан ғасырлық тарихының иісін сақтаған, бедерін жеткізген. Қазақ халқы бар өмірін ат үстінде өткізген көшпенділер құлазыған кең даланың үскірік аязы мен аптап ыстығында, салқын самалы мен аңызақ желіне қамсау болар ұлттық киімдердің түр – түрін ойлап тапқан. Қазақы киім – көненің көзі.  Қазақтың ұлттық киімінің көп тарихы бар. Қазақ киімдерінің түрлері, атаулары жайлы Республикамыздың әйгілі ғалымы академик Ә. Марғұлан мен архитектура ғылымының кандидаты Т.Бәсенов, А.Масанов, Х.Арғынбаев, Ұ.Әбдіғатпарова еңбектерінде кеңінен айтылған.

№ 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде  қазақтың ұлттық киімдерін қастерлей білуге тәрбиелеу мақсатында «Ұлттық киім кию» акциясы өткізілді. Акцияға мектеп оқушылары, ұстаздар, мектеп ұжымы қатысты. Олар ұлтымызды ұлықтап, дәстүрімізді дәріптейтін ұлттық үлгідегі киім түрлерін насихаттады.

Ұсыныс: «Ұлттық киім кию» акциясы  бойынша «Ең сәнді ұлттық киім», «Ең әдемі ұлттық киім», «Ең заманауи ұлттық киім» т.б. номинацияларды қарастыру.

 

 

 

№1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі

2018-2019 оқу жылы

 

 

Іс-шара тақырыбы:  «Ақ бата-асыл мұра» бата беру сайысы

Мақсаты:  Бата төңірегінде ой қозғау, осы тақырыптағы өз ойларын мемлекеттік тілде сауатты, көркем, толық жеткізе білуге үйрету.Рухани игілікке айналған бата түрлерін ажырату, өз Отанының патриоты болуға, жаман мен жақсыны ажырата білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу. Қазақ елін, оның салт-дәстүрін, тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Ел-жұрттың бір-біріне деген сүйіспеншілігін айту. 

Объект: 5-9- сынып оқушылары

Оқушы саны: 200

Мерзімі:  Наурыз айы

Жауапты: Кітапхашылар Касимова Г.М., Муратова Ж.Е.

Қазақ халқының әдет-ғұрпында ақ тілек,  ізгі ниет білдіру- есте жоқ ескі заманнан бері бар үрдіс. Ол өлең, көркем қара сөзбен айтылып, ауыз әдебиетінің бір жанры болып қалыптасқан. Бата өмірдің пайдалы да тәрбиелік жақтарын алға тартып, күнделікті тіршілікте жаңсақ қадам, жаман әрекеттен сақтандыра отырып, адамдық іс-әрекет , асыл мінез-құлықта сәт-сапар, оң жол тілейтін өсиет сөз іспетті. Айталық, белгілі бір істі бастарда, ұзақ жолға шығарда ақсақалдардың ақ батасын алу — қазақтың ежелгі дәстүрі.Бүгінде асыл мұраға айналған ақ батаның бірнеше түрлері бар. Атап айтсақ, наурыз батасы, ас батасы, ораза батасы, сапар батасы т.б.

№ 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамына орай «Ақ бата-асыл мұра» атты бата беру сайысы өткізілді. Әр сыныптан қатысқан оқушылар сайыс кезеңдеріне сай бата жаттады.Бата беру мәнері де ескерілді. Сайыс қорытындысы  бойынша, Бас жүлдені   6 «ә» - сынып оқушысы Жарғалбек Қарақат, І орынды 6 «б» сынып оқушысы Ерболатқызы Арай,  , ІІ орынды 5 «в» сынып оқушысы Тогтамұрат Нұралы,  ІІІ орынды 6 «г» сынып оқушысы Мулик Ақжол және 7 «б» сынып оқушысы Ботаев Арлан  иеленді, олар  алғыс хатпен марапатталды. Сайыс соңында, 6 «г»- сынып оқушыларының орындауында күй тартылып, жиналған көпшіліктің көңілін бір көтеріп тастады.

Ұсыныс: Бата беру сайысында төрелік ету үшін  кентіміздің ақсақалдарын шақыру.

№1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі

2018-2019 оқу жылы

 

 

 

Іс-шара тақырыбы:  «Бауырсақ PARTY» жәрмеңкесі

Мақсаты:  Нанның қасиеті, бауырсақтың түрлері туралы түсінік бере отырып, нан-азық атаулының анасы екеніне көз жеткізу. Ұлттық тағам бауырсақ түрлерін нассихаттау. Нанды қадірлеуге, қастерлеуге  тәрбиелеу. Ұлттық дастарханымызға тиесілі дәм дайындау және ұмытылып бара жатқан бауырсақ түрлерін жаңғырту.

Объект: Оқушылар, ұстаздар, мектеп ұжымы

Оқушы саны: 500

Мерзімі:  Наурыз айы

Жауапты: ДТЖО, сынып жетекшілер , тәлімгер

Қазақ дастарханының сәні-бауырсақ. Бауырсақ есте жоқ ерте заманнан қазіргі кезге дейін қазақ дастарханынан үзілген емес. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы қарсаңында № 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде  «Бауырсақ PARTY» жәрмеңкесі өткізілді. Мақсаты: Ұлттық дастарханымызға тиесілі дәм дайындау және ұмытылып бара жатқан бауырсақ түрлерін жаңғырту. Жәрмеңеге 8 «а», 8 «ә», 8 «б» және 9 «а»,9 «б», 9 «в» сыныптың қыздары қатысты. Олар  ашыған, ашымаған, тәтті, өрме бауырсақтар, май қосылған, бал қосылған бауырсақтар, ши бауырсақ, шелпек, ұсақ, дөңгелек, қытырлақ, шай бауырсақтарды пісіріп, сатылымға ұсынды. Жәрмеңке қатысушылары бауырсақ түрлерінің сан түрлі және дәмді екенін атап өтті. Ұлттық нақышта киінген қыздар  жәрмеңкенің сәнін одан сайын арттыра түсті.

Ұсыныс: Жәрмеңкеге қатысушы  сыныптардың, ата-аналардың белсенділігін арттыру.

 

                 

 

 

                    №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі

2018-2019 оқу жылы 

 

Іс-шара тақырыбы:  Гүл патшасы-қызғалдақ (қызғалдақ жасау байқауы)

Мақсаты:  «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы шеңберінде «Қазақстан-қызғалдақтар  Отаны» екенін насихаттау. Қызғалдақ гүлдерінің Наурыз айының символы екенін таныту. Оқушыларды еңбекқорлыққа, эстетикалық мәдениетке тәрбиелеу.

Объект: 1-9- сынып оқушылары

Оқушы саны: 600

Мерзімі:  Наурыз айы

Жауапты: ДТЖО, сынып жетекшілер , тәлімгер

Гүл патшасы – қыз­ғал­дақ біздің жерімізде Тянь-Шань тауларының етегі мен шөлейт даланың түйісер тұсында пайда болған. Қазақ топырағындағы осынау қарапайым, сондай-ақ ерекше гүлдер өз әдемілігімен көптеген халықтың жүрегін жаулап, біртіндеп бүкіл әлемге тарады.  Жер шарының қай түкпірінде болмасын алуан түсті қызғалдақтар өседі. Үлбіреген нәзік гүлге әрдайым сүйсіне қараймыз. Биолог, ботаник ғалым Анна Иващенконың «Қазақстан қызғалдақтары және жуа тұқымдас өзге өсімдіктер» атты кітабында қызғалдақтың отаны – Қазақстан екендігін анық жазған. Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры»  мақаласында  да қызғалдақтарға  ерекше ден қойылып, бүгінде жер жүзінде қызғалдақтың 3 мыңнан астам түрі бар болса да , олардың басым көпшілігі - біздің дала қызғалдағының «ұрпағы» екені атап өтілді.

Қызғалдақтар наурыз айының соңғы күндерінде ғана өсіп шығатындықтан, өзіміздің төл мерекеміз – Наурыздың да символы іспетті.

№ 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде Наурыз мейрамының символына арналған қызғалдақ  гүлдерін жасау байқауы өткізілді. 1-9- сынып оқушылары әр түрлі заттарды пайдалан отырып, қызғалдақ гүлдерінің  гүл шоғын жасады. Көздің жауын алатын гүл шоқтарын жасауда пластик бөтелкені, бір реттік қасықтарды пайдаланды.

         Қызғалдақ гүл шоғын  жасау байқауына қатысқан барлық сыныптар Алғыс хаттармен марапатталды.

Ұсыныс: Қызғалдақ гүлдерін жасауда барлық сыныптар мен сынып жетекшілердің белсенділігін арттыру. Мектеп пен ата-ананың арасындағы байланысты нығайту.

                          

 

 

№1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі

2018-2019 оқу жылы 

 

Іс-шара тақырыбы:  Қазақтың ұлттық ойындары

Мақсаты:  Ұлт қазынасы айналған ұлттық ойын түрлерін насихаттау. Оқушыларды шапшаңдыққа, ептілікке, төзімділікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Объект: 3-8- сынып оқушылары

Оқушы саны: 300

Мерзімі:  Наурыз айы

Жауапты: ДТЖО,  дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері.

Қазақ халқы ұлт ойындарына бай халықтардың бірі. Бірақ ол ертеде ауызекі туып, жалпақ жұртқа ауызекі таралып отырған да, сондықтан көпшілігі бүгінгі күнге ұмытылмай жеткен. Қазақ ұлттық ойындарды елдің өмірімен тығыз байланысты, оның шаруашылық, экономикалық, әлеуметтік тұрмысынан туған. Сондықтан оның тәрбиелік мәні өте жоғары, әрі құнды. № 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы қарсаңында қазақтың ұлттық ойын түрлерінен жарыс өткізілді. Ерлікті, шапшаңдықты, тапқырлықты, күш – қуаттылықты, төзімділікті  қажет ететін ойын түрлері бойынша жарысқа 3-8- сынып оқушылары белсене қатысты. Оның ішінде арқан тартыс, тоғызқұмалақ, асық ату сияқты ұлттық ойын түрлері қамтылды.  Арқан тартыс,  қол күресте оқушылардың күш-қуаты, ептілігі ескерілді. Сақ, ғұндар дәуірінен бері қарай 4 мың жылдық тарихы бар тоғызқұмалақ ойынын да оқушылардың ақыл-ой қабілеті  сыналды. «Тоғызқұмалақ» ойыны көшпенді өмір салтының айнасы іспеттес, ол – тірі тарих екені айтылды. Шапшаңдыққа, мергендікке, сергектікке тәрбиелеу мақсатында өткізілген асық ойынына да оқушылар зор қызығушылық танытты. Қазақтың ұлттық ойындары бойынша өткізілген жарыс нәтижесінде оқушылар командалық есепте және жекелей марапатқа ие болды.

  Ұсыныс: Қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау мақсатында ұдайы жарыстар ұйымдастыру. Оқушылардың қатысуын бақылау. 

                          

 

 

№1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі

2018-2019 оқу жылы 

 

Іс-шара тақырыбы:  Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні!  (мерекелік іс-шара)

Мақсаты:  «Наурыз» мерекесінің қазақ халқындағы  орнын  таныту, наурыз мерекесі туралы түсінік беру,  балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу,  имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.

Объект: Оқушылар, ұстаздар, мектеп ұжымы

Оқушы саны: 700

Мерзімі:  Наурыз айы

Жауапты: ДТЖО, сынып жетекшілер, тәлімгер.  

Наурыз мейрамы – ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы, өйткені 22 наурызда күн мен түн теңескен, табиғат жанданып, жаңа өмір  басталған.  Ұлттық сананың бір көрінісі, ұлттық идеямен сарындас болған ұлттық мейрам Наурыз № 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде тойланды.  

№ 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде Наурыз мерекесі жоғары деңгейде атап өтілді. «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні» тақырыбында Наурыз мерекесінің ашылу салтанаты 1-қабатта өткізілді. Ашылу салтанатында ән шырқалып, би биленіп, Наурыз әже шашу шашып, Қыдыр ата бата берді.

Сонымен қатар,    1, 9- сыныптар ауылдарға бөлініп, әр ауыл өз өнерін, салт-дәстүрін көрсетті. Ал  10,11- сынып оқушыларынан Қыдыр ата бастаған   әнші, күйші, серілер, қыз-келіншектер тобы  әр ауылды аралап, өнерлерін көріп,  Наурыз  көжеден дәм татып, Наурыз бата берді. 

Ұлттық идеяны тұғырлы ету үшін ұлттық мейрам Наурызды өз нақышына келтіріп, лайықты дәрежеде тойлай білу-біздің басты парызымыз.

  Ұсыныс: Наурыз мерекесін атап өтуде сынып жетекшілер мен оқушылардың жауапкершілігін арттырып, ата-аналардың белсенділігін қамту.

                           

 

 

 

№1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі

2018-2019 оқу жылы

 

Іс-шара тақырыбы: «Сырласу» қыздар клубының жұмыс жоспарымен таныстыру, бекіту.   «Бойжеткен» ережелерімен таныстыру.

Мақсаты:

Әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға

келешекте ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың құт-берекесі екенін ұғындыру, әдептілікке, сыпайылыққа, инабаттылыққа, мейірімділікке, төзімділікке, шыншылдыққа тәрбиелеу.Ұят- әдеп жоралғыларын белден басып, отырғанда, тұрғанда өзінің әйелдік жаратылысын ескермейтін, қызға, келінге жарасатын қымсыну, қызару, тартыну, имену дегендер ойына кіріп-шықпайтын қыз өзіне ғана емес, ата-ана, бауыр-туғандарына сөз келтіріп, жерге қаратады. Сондықтан, қыз ибасы, қыз әдебі дегенге жеңіл-желпі қарауға мүлдем болмайды.

Объект: 5-10- сынып қыздары

Оқушы саны: 25

Мерзімі:  Қыркүйек  айы

Жауапты: ДТЖО, сынып жетекшілер, тәлімгер, клуб жетекшісі,  клуб мүшелері  

Қыздың бойжетуі, яғни, жан-жақты жетіліп, белгілі дәрежеде өмір тәжірибесіне ие болуы заңды құбылыс. «Қыздың жолы жіңішке», «Қызға қырық үйден тыю» деген сияқты халықтық тәлімгерлік талаптарының мәнін түсініп қана қоймай, бойжеткен одан өзіне қатысты қорытынды шығара білуі, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысын басшылыққа алуы керек. Клуб жетекшісі «Сырласу» қыздар клубының  жұмыс жоспарымен таныстырды. Бойжеткен ережелерімен таныстырды. Қазіргі заман ағымына сай қыздар тәрбиесінде төмендегідей басты мәселелерге көңіл бөлінуі туралы айтып өтті.

Ата-аналармен тығыз байланыста болу, баласы туралы пікір алмасып әңгіме

жүргізіп отырып тәрбиелеу өз нәтижесін бермек. Себебі, қай бала болса да (қыз,

ұл) алдымен тәрбиені отбасынан алады, ата-анасына еліктейді, соларды қайталағысы келеді, ал бала жас шыбық тәрізді, қалай баулыса солай қарай бой

түзейді. «Қызға қырық үйден тыйым» деп, қыз баланың әлдебір іс-әрекетіне үзілді- кесілді тыйым салу, жылылық танытпай ұрысып, зеку зиян, керісінше баланың жағдайымен санасып сеніміне кіру, сырласып дос бола білу керек.

  Ұсыныс: «Сырласу» қыздар клубының мүшелері белсенді жұмыс жасау; берілген тапсырманы жауапкершілікпен атқару. Жыл бойы жұмыс жоспарының негізінде іс-шаралар өткізу

Тәрбие ісі меңгерушісі:                    

 

 

 

                            №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі

2018-2019 оқу жылы

  

Іс-шара тақырыбы: «Қыз қылығымен» атты кездесу сағаты

Мақсаты:

Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттықылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б. жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу;Оқушылардың ойлау, есте сақтау, танымдық қасиеттерін дамыта оқыту; Қазақ халқының әдет – ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіру, жаман әдеттерден бойларын аулақ сақтап, жақсы қасиеттерді дарыта білу;

Объект: 5-10- сынып қыздары

Оқушы саны: 300

Мерзімі:  Қазан  айы

Жауапты: ДТЖО,мектеп психологы , тәлімгер, клуб жетекшісі,  клуб мүшелері 

Мектеп психологы Сағындық Д.М. 5-10- сынып қыздарының арасында «Қыз қылығымен » атты кездесу сағатын өткізді. Іс-шара барысында қыздарға әр түрлі  кеңестер  айтылып, өмірлік жағдаяттар талқыланды. Себебі, ХХІ ғасыр қоғамында қыз тәрбиесі қылықты қалпынан ажырап бара жатқандай. Әр түрлі жағдаяттарды шешу барысында қыздар «Оның себебі неде?» деген сауалға жауап іздеді.Сонымен қатар,  мектеп  психологы қыз баланың өміріне қажет кеңестер айтып,  қыздар өз  ойларын ортаға салды. Қазақ қауымында қыз баланың орны ерекше болған. Ата – бабаларымыз қызды қонақ деп есептеген, барған жерде бағының ашылуын үйде отырып қамдаған. Барынша ізетті, сыпайы, мейірімді де ісмер, қылықты да қырмызы болуын үнемі қадағалап отырған.

  Ұсыныс: Оқушылардың сөздік қорларын молайту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбие ісі меңгерушісі:                    

                           

 

 

№1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі

2018-2019 оқу жылы

 

 

Іс-шара тақырыбы: «Керім қыздар» атты танымдық сағат

Мақсаты: Қыздармен әңгімелесе отырып, ар - намысын, пәктігін, сұлулығын жоғары қоя біліп, жұрт алдында абыройлы болуға тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әрекеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту. Есірткі, ішімдік және темекінің ағзаға тигізер әсері, келешек өмірлеріне оның зардаптары, адам ағзасына теріс әсері туралы түсіндіру.

Объект: 5-10- сынып қыздары

Оқушы саны:  400

Мерзімі:  Қараша  айы

Жауапты: ДТЖО, сынып жетекшілер, тәлімгер, клуб жетекшісі,  клуб мүшелері, медбике  

№ 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде  тәрбие ісі меңгерушісі, мектеп  медбикесі ,  мектеп психологы  бірлесе отырып, 5-10- сынып қыздарының арасында  «Керім қыздар» атты ақпараттық-танымдық сағатын өткізді. Ақпараттық-танымдық сағат барысында қыздарға  жеке бас гигиеналық, психологиялық кеңестер беріліп, қыз бала тәрбиесінің ерекшелігі туралы айтылды. Мектеп медбикесі қыз баланың жеке бас гигиенасына зор мән  беру керек екенін  атап айтты. Зиянды әдеттен аулақ болып, әрқашан салауатты өмір салтын  ұстануға шақырды. Сұлу болу, сау болу - өз қолыңда! Адамның, соның ішінде қыз - келіншектердің реңді де сұлу болуы өздеріне байланысты. Себебі, сұлулықтың негізі - денсаулық. Бұл денсаулыққа жеке басты тазалық, гигиена және зиянды әрекеттердің аулақ болуы жатады. Қазіргі кезде қыздар зиянды заттарға елігіп, әуес болады. Ол болашақ ана. Темекі тарту, ішімдік ішу денсаулыққа үлкен қатер төндіретінін айтып өтті.  Шара соңында мектпе психологы қыздармен «Би терапиясы» жаттығуын өткізіп, көңілдерін көтерді.

  Ұсыныс:  Қыздардың іс шараға қатысу белсенділігін  арттыру.

Тәрбие ісі меңгерушісі:                    

                           

 

 

 

№1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі

2018-2019 оқу жылы 

 

Іс-шара тақырыбы: «Жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу» әңгіме-жиналыс

 

Мақсаты: Оқушыларға жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу мақсатында жыныстық  денсаулық жайлы ақпараттар беру.

 

Объект: 8-11- сынып қыздары

 

Оқушы саны:  200

 

Мерзімі: Желтоқсан айы

 

Жауапты: ДТЖО, сынып жетекшілер, тәлімгер, клуб жетекшісі,  клуб мүшелері, медбике, кент гинекологы Кушенова Г.М.  

№ 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде  тәрбие ісі меңгерушісі, кент ауруханасының гинеколог маманы Кушенова Г.М. және  мектеп  медбикесі 8-11- сынып қыздарының арасында  «Жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу» тақырыбында әңгіме-жиналыс өткізді. Жиналыстың барысы бойынша кент гинекологы Кушенова Г.М. «Жасөспірімдердің жыныстық тәрбиесі» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндамада жыныстық қабілеттің жетілу жылдары жасөспірім психикасы үшін өте ауыр кезең екені атап өтілді. Бұл кезде жастарда жаңа түйсік, жаңа тілектер пайда болады, намыс сезімі өсе түседі. Жыныс күтімі бала тәрбиесінің бір бөлігі болғандықтан, жыныстық қабілет жетіліп келе жатқан кезде жасөспіріммен айрықша әңгіме өткізу қажет екені айтылды. Кездесуде ерте жүктіліктің салдары, физиологиялық тұрғыдан - жас ағза оған әлі дайын емес, әлеуметтік тұрғыдан – бейберекет жыныстық қатынасқа түсетін жас қыздың алдында күтіп тұрған қиындықтар жайлы сұрақтар талқыланды.

  Ұсыныс:  Мектеп медбикесі, сынып жетекшісі  8-11- сынып қыздарымен тығыз қарым-қатынас жасау, әңгіме өткізу.

Тәрбие ісі меңгерушісі:                    

                           

 

 

№1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі

2018-2019 оқу жылы

 

Іс-шара тақырыбы: «Бүгінгі бойжеткен, ертеңгі асыл жар» баяндама

 

Мақсаты: Қыз балалардың отбасындағы тәрбиесі, оларды өмірге бейім, еңбекқор, білімді де әдепті, сезімтал да саналы, мәдени өрісі биік етіп өсіру;

Бүгінгі бойжеткен – ертеңгі асыл жар, аяулы ана. Осыған орай жоғарғы сынып оқушыларына гигиеналық, этикалық, эстетикалық, жыныстық мәні бар кеңестер беру; Жасөспірім, бойжеткенге үй ұстау, ас пісіру, кісі сыйлап, қонақ күту мәнді де мағыналы тұрмыс құра білу – өмірден алынған іс-тәжірибелер арқылы мағлұмат беру.

 

Объект: 5-11- сынып қыздары

 

Оқушы саны:  250

Мерзімі: Қаңтар  айы

 

Жауапты: ДТЖО, сынып жетекшілер, тәлімгер, клуб жетекшісі,  клуб мүшелері.

 «Бүгінгі бойжеткен, ертеңгі асыл жар» тақырыбында баяндама тыңдалды. Баяндамада бүгінгі бойжеткен – ертеңгі асыл жар, аяулы ана екені айтылды. Осыған орай,  жоғарғы сынып оқушыларына гигиеналық, этикалық, эстетикалық, жыныстық мәні бар кеңестер берілді. Жасөспірім, бойжеткенге үй ұстау, ас пісіру, кісі сыйлап, қонақ күту мәнді де мағыналы іс екені,  өмірден алынған іс-тәжірибелер арқылы мағлұмат берілді.  Бүгінгі бойжеткен – ертеңгі ана, болашақ әже. Демек, немересіне ертегісін айтып, батырлардың ерлігімен оны өр етіп өсіретін әже тағдыры бүгінгі бойжеткенге басыбайлы тәуелді. Алайда, қылығына талай жанды тәнті еткен қызғалдақ қыздарымыздың бағыты мен бағдары тым бөлек. Шылымды шет көрмей, түтінін у деп білмей, сыраның сырына қанығып, айран ор­нына арақты, қымыз орнына шарапт­ы ішуге әуес қыздарымыздан қандай салауатты ұрпақ шықпақ. Шыны керек, мұн­дай жандардан атасының алдын­да көсіліп сөйлемейтін, енесінің алдында кішірейетін, отба­сының босағасын босатпай, шаңырағ­ын шатақтыққа былғатпайтын ана шығады дегенге сену де қиын. Олар отауына жанын салып, жарының жолын торып, баласының тыныштығын қорып, қазаны мен ошағында адал қызмет ет­кен­, бетіне әжімі түскен әжелерден өнеге алса игі. Бірақ, олар басқаша бағытқа бет бұрыс жасаған, бақ табуды ойлап жүр ғой тасадан. Шашбау түгілі басбау жоқ, желіккеннің же­тегінде, бұрымын шорт кесіп, жат мәдениеттің шырмауына, батыстың батпағына батқан аруларды азайтуымыз керек. Себебі, «ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген бар. Ал, бесікті тербететін – болашақ аналар, бүгінгі бойжеткендер.

 Ұсыныс:  Барлық сынып жетекшілер сынып қыздарымен тығыз қарым-қатынас  орнату.  

                                             Тәрбие ісі меңгерушісі:                    

                           

 

 

№1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі

2018-2019 оқу жылы 

 

Іс-шара тақырыбы: Ата-аналардың жауапкершілігі және отбасындағы жыныстық тәрбиенің жүргізілуі туралы

 

Мақсаты: Ата-ана мен  мектеп арасындағы қарым-қатынасты нығайту, отбасында жыныстық тәрбиенің  жүргізілуін қадағалау.

 

Объект: 5-11- сынып қыздары

 

Оқушы саны:  250

Мерзімі: Ақпан айы

 

Жауапты: ДТЖО, сынып жетекшілер, тәлімгер, клуб жетекшісі,  клуб мүшелері.

Бала тәрбиесі ата-ана үшін күрделі де, жауапты міндет. Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Бала өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы – ата-ана. Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балалардың көз алдында өтеді. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы – ата-анасы. Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады. Баланы дұрыс тәрбиелеу отбасында, алдымен, жанұя жағдайы, онда қалыптасқан он, моральдық-психологиялық ахуал, татулық пен өзара түсінік, сүйіспеншілік пен сыйластық, ауызбіршілік, отбасы мүшелерінің бір-біріне деген құрмет сезімдері, яғни, отбасындағы кіршіксіз таза, мөлдір көңіл-күйі тікелей ықпал етеді.

Ұсыныс:  Мектеп пен ата-ана арасындағы тәрбие рөлін арттыру.

     

Тәрбие ісі меңгерушісі:                    

                           

 

 

 

№1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі

2018-2019 оқу жылы 

 

Іс-шара тақырыбы: «Қазақ қызы: кеше, бүгін, ертең...»   (пікірталас)

 

Мақсаты: Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани -адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту.

 

Объект: 8-10- сынып қыздары

 

Оқушы саны: 50

Мерзімі: Наурыз  айы

 

Жауапты: ДТЖО, сынып жетекшілер, тәлімгер, клуб жетекшісі,  клуб мүшелері.

№ 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде  мектеп тәлімгері Шокаева А.А. 8, 9,10-сынып қыздарының арасында «Қазақ қызы: кеше, бүгін, ертең...» атты пікірталас өткізілді. Қыздарымыздың ақылды, үлгілі, мейірімді, инабатты болуы алдымен ата – анасынан, екіншіден, білім ордасынан басталады. «Болмасаң да ұқсап бақ» деп, ұлы Абай айтқандай, қыз балалар осындай қасиеттерді меңгеруге талпынуы керек. Осы мақсатта  іс шараға ардагер ұстаз, ардақты әже, аяулы ана Бақытжан Темірғалиқызы шақырылды. 8,9,10- сынып қыздары кешегі Қыз Жібек, Ақжүніс, Қамар сұлуды тілге тиек етіп, бүгінгінің спортшы, әнші, айтыскер қыздарымен мақтанып, ертеңгі қазақ қызы туралы өз ойларын ортаға  салды. Шара барысында Бақытжан Темірғалиқызы «бүгінгі, кешегі және болашақтағы қазақ  қызы қандай болуы керек?» деген сауал төңірегінде қыздармен әңгіме өрбітті. Сонымен қоса, өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, ару қыздарға ақыл-кеңес айтты. Пікірталас соңында қыздарды мерекемен құттықтап, ұлы ғұлама Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметованың  «Қыз баланың мына өмірдегі міндет - парызының жүгі ауыр, әрі ардақты. Ол - адамзат ұрпағын өмірге әкелетін болашақ ана, үй ұстап, жар күтетін адал жар, ата - ене сыйлап, иілетін қамқор келін. Ол осыны қаласын қаламасын, бұл - өмір заңы»,-деген даналық сөздерін тілге тиек етті.

Ұсыныс:  Пікірталас барысында өз ойын еркін, нақты, дәлелді жеткізе білуге дағдыландыру.

     

                           

 

№1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі

2018-2019 оқу жылы 

 

Іс-шара тақырыбы: Әсемдік әркімге жарасады. Ұлттық киімдер үлгісі

 

Мақсаты: Оқушылардың эстетикалық талғамын ұштау, өнерге ынтасын дамыту, ұлттық мақтанышын сезімін ояту, шапшаңдыққа, талғампаздыққа, шеберлікке үйрету.

 

Объект: 5-10- сынып қыздары

 

Оқушы саны: 100

Мерзімі: Сәуір   айы

 

Жауапты: ДТЖО, сынып жетекшілер, тәлімгер, клуб жетекшісі,  клуб мүшелері.

Әсемдік адам өмірінің сәні болып қана табылмайды, ол оның мәні десек те қателеспейміз. Өйткені еңбек – адамды адам еткен болса, сұлулық — адам бойын қуаныш, әсем сезімге бөлей отырып, сол еңбекке деген талпынысты, құштарлықты оятады, сұлу қимылдар мен әсем де әдемі қылықтарды, әдеттерді қалыптастырады. Әсемдікті табиғаттан үйренетініміз шындық. Адамның өмірін әсем ететін тағы бір күш – ол өнер. Клуб мүшелері қазақ халқының ұлттық киім үлгілерінің эскизін жасап, қорғады. Қорғау барысында ұлттық киім үлгісінің әдемілігін, ыңғайлығын және қазақ  халқының ұлттық құндылықтарына сай екендігін тілге тиек етті.

 

 

Ұсыныс:  Қыздар клубының мүшелері ұсынған ұлттық киім үлгілерін  әрі қарай  дамыту. 

               

 

 

                            №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі

2018-2019 оқу жылы 

 

Іс-шара тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор »  атты онкүндіктің анықтамасы  

Мақсаты: Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушыларда толық ой қалыптастыру, пайдасы мен зиянын түсіндіру. Оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін жетілдіру, шығармашылыққа баулу. Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта білуге, өздерін сабырлы әрі тәртіпті болуға, басқаны тыңдай білуге тәрбиелеу. 

 

Объект:  1-11- сынып оқушылары

 

Оқушы саны: 700

Мерзімі: сәуір айы

 

Жауапты: ДТЖО, сынып жетекшілер, информатика пәнінің мұғалімдері

        

№ 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде «Қауіпсіз ғаламтор» атты онкүндікке арналған іс-шаралар жоспары құрылды. Жоспарға сай іс-шаралар өткізілді. 10 «а», 10 «ә» сыныптарының арасында «Қауіпсіз интернет» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде  ғаламторды қауіпсіз ретінде қалай пайдалану жолдары айтылды.  7 «а», «ә», «б» сыныптарының арасында «Қауіпсіз интернет» атты пікірталас ұйымдастырылды. Пікірталаста ғаламтордың пайдасы және зияны туралы ой бөлісті. 1-3- сыныптардың арасында  «Ғаламтордың пайдасы мен зияны» атты сайыс сабақ  өткізілді. Сонымен қатар, кабинет қабырғалары   «Қауіпсіз ғаламтор»  тақырыбында безендірілді. «Балалар  және интернет» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағаттарында бүкіләлемдік өрмек интернеттің адам өміріндегі маңызы, ғаламтордың балаларға әсері , интернеттің пайдалы тұстары  туралы әңгіме қозғалды.

 

 

Ұсыныс: «Қауіпсіз ғаламтор» тақырыбындағы  іс-шаралар жалғасын тапсын. Іс-шараларға оқушылардың қатысуын қадағалау.

                   

 

 

 

                         №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі

2018-2019 оқу жылы 

 

Іс-шара тақырыбы:  «Білім көзі-кітапта» атты айлық анықтамасы

Мақсаты: Оқушылардың білімділік танымын және кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, ұқыптылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. Оқырмандық мәдениет қалыптастыру.

Объект:  1-11- сынып оқушылары

 

Оқушы саны: 700

Мерзімі: сәуір айы

 

Жауапты: ДТЖО, сынып жетекшілер, кітапханашылар.

        

№ 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде «Білім көзі-кітапта» атты айлық өткізілуде. Айлық жоспары бекітіліп, іс-шаралар өткізілуде. «Кітап-сарқылмас қазына» атты кітап көрмесі өткізілді. Ескі кітаптардан инсталляцмя жасалды. Оқушылар бұл  көрме жасау іс-шарасына белсенді түрде қатысты. Сонымен қатар, 1-2- сыныптардың арасында «Кітаппен дос болайық!» атты сайыс өткізілді. Кітап – қоғамның рухани күштерін дамытудың қуатты құралы, мәдениеттің қайнар бұлағы, оның өзекті саласының бірі.  Рухани мөлдірліктің, биік парасаттың, асқақ адамгершіліктің, арқалы ойдың қоймасы. Кітап арқылы біз өткенге көз жібереміз, одан қымбат мұра жинаймыз, тәжірибеге кенелеміз. Кітапты шала – шарпы оқу зиян. Шала оқысаң, оқуың бойыңа жұқпайды. Ылғи шала – пұла, тез оқуға әдеттеніп алсаң, кітап оқуға кеткен еңбегіміз еш болатыны айтылды.

Сайыста оқушылар кітаптың адам  өміріндегі маңызын зерделеп, кітапты күту жолдарын  айтып, кітап туралы мақал-мәтел айтып жарысты.  

Сонымен қатар, оқушылар оқыған кітап желісі бойынша бірнеше суреттер салды. Суреттерде  оқыған кітаптың, әңгіменің басты кейіпкерлері, өздеріне ұнаған тұстары бейнеленген. Бұл іс-шарадан оқушының кітапты қаншалықты ұғына оқитынын аңғаруға болады.

 

Ұсыныс:  Оқушылардың  кітапханаға барып, кітап оқуын қамтамасыз ету. Оқушы мен кітапхана арасындағы байланысты нығайту.

                  

 

 

                        

№1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі

2018-2019 оқу жылы

  

Іс-шара тақырыбы:  Қ.И.Сәтбаетың 120 жылдығына арналған  кітап көрмесі

Мақсаты: Аса көрнекті ғалым, геолог, мемлекет қайраткері, Қазақстан Ғылым академиясын ұйымдастырушы әрі оның тұңғыш Президенті, 1964 жылдан КСРО Ғылым Академиясының акдемигі, 1951 жылдан Тәжік Ғылым академиясының құрметті акдемигі болған Қаныш Сәтбаевтың артында қалдырған ғылыми мұралары мен оқушыларды таныстыру

Объект:  1-11- сынып оқушылары

 

Оқушы саны: 700

Мерзімі: сәуір айы

 

Жауапты: ДТЖО, сынып жетекшілер, кітапханашылар.

        

№ 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде  Қ.И.Сәтбаевтың  120 жылдығына арналған  кітап көрмесі ұйымдастырылды.  Көрмеде    Қаныш Имантайұлы Сәтбаев – аса көрнекті қазақ геологы, қоғам қайраткері. Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалушы екенін айтылды.  Оқушылар Қ.И.Сәтбаевтың өмірбаянымен танысып, зерттеу еңбектеріне шолу жасалды.  Оның геологиядан басқа ғылымдар, мәдениет саласында да, тарихта да қалдырған іздері сайрап жатыр. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталуға тақағанда, жағдайдың аса қиын ауырлығына қарамастан, Қазақ КСР Ғылым академиясының ұйымдастыру жұмысына басшы болып, оның ісіне бел шеше араласуы ұлыларға тән көрегендіктің белгісі еді. Оның қалдырған ғылыми бай мұраларының ішінде, әсіресе, Жезқазған кені туралы зерттеулерінің, сарыарқаның металлогендік және болжам карталары жөніндегі еңбектерінің мәні ерекше екені атап өтілді.  Жезқазғанның ірі мыс рудалы аудандар қатарына жатуы – кезінде осы кеннің жоспарлы түрде кең масштабтағы барлау жұмыстарын ұйымдастыруға болатын ірі объекті екенін дәлелдеп берген Қаныш Сәтбаев еңбегінің нәтижесі екенін оқушылар ұғына білді.

  Ұсыныс: Қ.И.Сәтбаев мұраларына арналған іс-шаралар ұйымдастырылып, жалғасын табу қажет.               

                    

 

 

 

№1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі

2018-2019 оқу жылы

 

Іс-шара тақырыбы:  Облыстық «Шаңырақ» жобасы, «Киіз үй fest»  көрмесі

Мақсаты: Ұлттық шығармашылықты жандандыру және дамыту, қазақ мәдениетінің дәстүрлерін көбейту. Өскелең ұрпақты эстетикалық, еңбек, отбасылық, ұлттық және патриоттық тәрбиеге баулу.

Объект:  2-11- сынып оқушылары

 

Оқушы саны: 500

Мерзімі: қаңтар-ақпан  

 

Жауапты: ДТЖО, сынып жетекшілер, тәлімгер, еңбек пәнінің мұғалімдері.  

        

№ 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі облыстық «Шаңырақ» жобасын іске асрыуға белсене қатысуда. Желтоқсан-қаңтар айларында мектеп оқушылары «Киіз үй fest»  көрмесіне қатысты. Бұл көрмеде биіктігі мен диаметрі әр түрлі бірнеше киіз үй үлгілері жасалды. Киіз үйді жасауда оқушылар мен ата-аналар әр түрлі материалдарды қолданған. Фетр матасы, түрлі –түсті қағаздар, қатырма қағаз, жай мата түрлерінен жасалған киіз үйлер ұсынылды.

Мектеп оқушылары аудандық «Шаңырақ» жобасына дайындық ретінде «Шаңырақ» жобасының практикалық бөлімін іске асырды. Бұл бөлімде оқушылар киіз үйдің макетін құрастырды. Жартылай құрылған киіз үйдің ішін, сыртын ұлттық құндылықтар негізінде безендірді.

Мектеп оқушылары  аудандық «Шаңырақ» жобасына да қатысты. Аудандық «Шаңырақ» жобасында Мұса Шорман ауылы болып, Мұса Шорманның өмірінен көрініс көрсетті.

 

              

 

 

                         №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі

2018-2019 оқу жылы 

 

 

Іс-шара тақырыбы:  «ЭКO CROSS»  экологиялық акциясы

Мақсаты: Қоршаған ортаны қорғаудың, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттаудың, экологиялық мәдениетті енгізудің және туған өлкенің табиғатына мұқият қараудың маңыздылығына назар аударту.

Объект:  5-11- сынып

 

Оқушы саны: 300

Мерзімі: сәуір

 

Жауапты: ДТЖО, мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер

        

№ 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, еңбексүйгіштікке баулу, туған өлкенің табиғатына мұқият қараудың маңыздылығын арттыру мақсатында 13 сәуір күні жалпы сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілікке мектеп ұжымы, ұстаздар және 5-11- сынып оқушылары қатысты. Олар өздеріне белгіленген учаскеде тазалау жұмыстарын атқарды. Мектеп ауласын  ескі қоқыстардан тазалап қапшықтарға қоқыс жинады. Мектеп ауласын тазалау жұмыстарын іске асырды. 8-11- сыныптың ұлдары  мектеп ауласына өсірілген шырша ағаштарының түбін қопсытты. Ал қыздары мектеп ауласындағы бордюрларды сылап, ағарту жұмыстарын атқарды. Ал 5,6- сынып оқушылары меткеп аумағын сыпыру жұмыстарын атқарды. 7- сынып оқушылары  жылыжай аумағын тазалау жұмыстарын іске асырды.

 

Сайт бойынша іздеу

Сайтқа кіру

Сайт статистикасы

Бүгін2
Кеше5
Апта26
Ай26
Барлық күндері36433

 

 

Температура параметрі

winter