10
7
8
9




Экскурсия по школе
Блог директора

<< < Қазан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Ізденіс-шеберлікті шыңдайды

   2016 жылы 4 қазан күні №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде жаңартылған білім мазмұнын апробациядан өткізуде Павлодар қаласындағы химия - биология бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебімен ынтымақтаса отырып, «Назарбаев зияткерлік мектептерінің» іс- тәжірибесін жалпы білім беретін мектептерге енгізуде оқу мен оқытудағы әдіс-тәсілдердің тиімді қолданылуына әдістемелік көмек көрсетуде.

   «Назарбаев Зияткерлік мектептері» базасында бастауыш сынып мұғалімдері үшін «Жаңартылған білім беру мазмұнында «Музыка», «Өнер» пәндерін беру тәсілдері», «Бастауыш сыныптарда CLIL техникасын қолдану арқылы командалық оқыту жүйесі» және «Тәрбие үрдісіндегі диагностикалау технологиясы» тақырыптарында семинар-тренинг, «Оқушылардың ақпараттық сауаттылығы» тақырыбында кітапханашылармен семинар, «Пәнді оқытуда қалыптастырушы бағалау техникасын қолдану» семинар-тренингі өткізіліп, мұғалімдер іс-тәжірибелерімен бөлісті. Ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған екі кезеңдік тілдік курстары шетел мамандарының өткізуімен ұйымдастырылды. «НЗМ» ДББҰ-мен және Павлодар облыстық инновациялық орталықпен пилоттық мектептер арасында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, оқыту мен оқу үрдісінде кездескен проблемаларды шешу жолдары қарастырылып, әдістемелік көмек көрсетіліп, оқу жылының қорытындысы жасалып, алда бірлесіп атқарылатын іс –шаралар жоспары талқыланып, әдістемелік қолдау көрсету жұмыстары жалғастырылуда.

   Жаңартылған білім беру мазмұнын апробациялауда оқытудың белсенді әдістерін бастауыш мектеп жағдайында тиімді қолдану тәжірибесімен ұстаздар үнемі алмасып отыру арқылы белсенді әдістердің оқушылар шығармашылығын арттыруда тиімділігіне көз жетіздік.

1 1
1 1
1 1
1

Сайт бойынша іздеу

Сайтқа кіру

Сайт статистикасы

Бүгін2
Кеше5
Апта11
Ай163
Барлық күндері37873

 

 

Температура параметрі

winter