10
7
8
9




Экскурсия по школе
Блог директора

<< < Желтоқсан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 31  

 

Павлодар облысы Баянауыл ауданы №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің тарихнамасы

 

   КСРО Халық комиссарлары Кеңесінің шешімімен өткен ғасырдың 20 жылдарының аяғында Баянауыл ауданына қарасты Майқайың алтын кенін игеру қолға алынған. Негізінен кентті игерушілердің алғашқы легі осы аймақтың еңбекшілері болған. Осы кезеңде жас буынға мектеп ашып, білім беру қажеттілігі күн тәртібіне өткір қойылған.

   1930-1931 жылдары Майқайыңда салынған бірнеше нөмірленген барактар мен 10-15 шақты үйлердің көбінің терезелері төбесінен қойылып, өздері жерден қазылып жасалған екен, сондай үйдің бір бөлмесін қазақ-орыс аралас сыныптарға бөліп, мектеп ашқан. Мектептің алғашқы директоры – Түсіпбеков Айтмағамбет. Алғашқы ұстаздардың бірі - Жанкин Хамит.

   1934-1935 жылдары бала саны да, мұғалімдер де көбейіп, мектептің бір шетінен сынып бөлмелері қосылды.

   1935-1936 оқу жылдарында орыс сыныптары бөлініп шықты.

   1936 жылы мектеп орта мектепке айналды да, Баянауыл өңіріндегі қазақ мектептерінің «Қара шаңырағы», түпкі қазығы атанды.

   1940 жылғы ұстаздар мен оқушылар Ұлы Отан соғысы кезінде мектепте отын болмай қалған кездерде оқушылар «Гужтранспорт» бастығы Сидоровтан 500 кг. көмір тиелетін қорапты арба мен ат сұрап алып, Шөптікөлден көмір тасыған және жүдеп отырған ауылды аралап, майдан мұқтажына қажетті шұлықтар мен қолғап тоқытып жинаған.

   1940-1941 оқу жылында алғашқы түлектерден 9-шы сыныпты 16 бала бітіріп, 6-уы ғана қалады, оның 4-уі қыз, 2-уі жастары жетпеген ер балалар.

   Мектептің алғашқы түлектері: Жанкина Зайда, Мақышев Шәкір, Әбенов Қабдол, Қасенова Шәмкен, Жақыпова Мүскен, Сыздықова Нүкен.

   Соғыс кезінде мектепте емтихан алатын жоғары дәрежелі мұғалімдер болмаған-дықтан, аудан орталығына барып, емтихан тапсырып, аттестат алған түлектер: Құлмағамбетов Төлеутай, Тайкенова Күлмарай, Қасенова Шолан т.б.

   1956 жылы 2 қабатты мектеп салынып, мектеп оқушылары сенбі күндері мектеп құрылысына қолұшын беріп отырған. Бірақ бала санының көптігі ескеріліп, орыс мектебі жаңа ғимаратқа көшті.

   1958 жылы 3 қабатты жаңа мектеп тағы да орыс мектебіне арналып бой көтергендіктен, 2 қабатты ғимаратқа қазақ мектебі көшті. Мектеп техникалық құралдармен жабдықталып, радиоузел жұмыс істеп, мектеп оқушылары сабақтан тыс қызықты іс-шараларды жиі өткізіп тұрды.

   1975 жылы орыс мектебіне арналып жаңа типті мектеп салынды да, сол жылы қыркүйек айында қазақ мектебі 3 қабатты орыс мектебінің ғимаратына көшті. Бала саны 240 оқушы еді. Бұл жылдары мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан шәкірттердің көбі бүгінде түрлі мамандық иелері.

   1980 жылдары зейнеткер ұстаздардың орнына өз мектебінің түлектері, жаңа буын ұстаздар келіп, алғашқы еңбек жолын бастады. Смағұлова Марғұба Шаймұратқызы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен, Бейсекеева Бақыт Омарханқызы музыкадан дәріс беріп, оқушыларды сөз өнері мен саз өнеріне баулыды. Маралбаева Алма Рахметуллақызы - 1994-2003 жылдардағы мектеп директоры. 1999 жылы «Білім беру ісінің үздігі» атағын алды.

   1994 пен 2003 жылдар аралығын мектептің дәуірлеген кезеңі деуге болады. Маралбаева А. Р. басшылық еткен жылдары мектептің материалдық-техникалық базасы нығайды. Пән кабинеттерінің талапқа сай эстетикалық безендірілуі мен дидактикалық материалдармен толықтырылуы назардан тыс қалмады.

   Мектеп түлегі Смағұлова Марғұба Шаймұратқызы – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Павлодар облысының білім беру басқармасының «Құрмет грамотасымен» /2010ж/, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Алғыс хатымен» /2011 ж/ марапатталған

   Түсіпбаев Жағыпар Рымбайұлы – 2003-2006 жылдарда мектеп директоры 2003-2006 жылдарда мектеп директорлығына Түсіпбаев Жағыпар Рымбайұлы тағайындалды. Түсіпбаев Жағыпармен бірге осы жылдары мектептің оқу-тәрбие ісін Абдрахманова Кәкіш Ташеновна, Макина Рымтай Теміршотовна математика мұғалімі (2006 жылдан 2011 жыл аралығында мектеп директоры), Мажитова Самал Сақтасыновна (2011 жылдан мектеп директоры) басқарды.

   2010 жыл ұстаздар мен оқушылар қауымы, сондай-ақ түлектер үшін де есте қаларлықтай елеулі жыл болды. Себебі, Баянауыл өңірінде іргесі қаланған білім ордасына 80 жыл толды. Бүгінде еліміздің әр түкпірінде өз орнын тапқан мектеп түлектері мен ардагер ұстаздар қауышып, ерекше қуанышқа бөленді. Өз ұшқан ұясын сағынып, аңсай келген шәкірттер өлеңмен өрнектеп, жүрекжарды лебіздерін білдірді.Мажитова Самал Сақтасынқызы 2003 -2011 жылдар аралығында тәрбие ісі меңгерушісі, 2011 жылдан мектеп директоры. Оқу ісі меңгерушілері Абдрахманова Кәкіш Тәшенқызы –«Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» мерекелік медалінің иегері. 2003 жылдан мектептегі инновациялық оқу ісі меңгерушісі, Ботаева Аянгүл Бозтайқызы қазақ тілі маманы, Бисмильдинова Әйгерім Серікқызы қазақ тілі мұғалімі.Тәрбие ісі меңгерушілері - Жұмабаева Айман Аманқызы – физика пәні мұғалімі, Кенжалин Сәбит – дене шынықтыру мұғалімі.

   1990 жылдан үздіксіз еңбек етіп келе жатқан Досжанова Айтжан Ермекбайқызы, Дүйсенова Шолпан Мекенқызы, Қыдырбекова Раушан Төкенқызы, Жүнісова Дариға Талапкерқызы, Ишанова Қарлығаш Төкенқызы, Оразбаева Айгүл Мекенқызы Елеусізова Асылгүл Манапқызы, Сүлейменова Гүлмайдан Төлеутайқызы сынды ұстаздар ертеңгі күнгі мемлекет тағдырын қолдарына алатын ұрпақтың білімді, тәрбиелі, мәдениетті болып өсуіне өз үлестерін қосуда.

   Бүгінгі ХХІ ғасыр азаматын білімсіз елестету қиын. Бұл ғасыр ғылым мен техниканың дамыған кезеңі десек, бұл салада жас ұрпаққа гуманитарлық және политехникалық пәндерден терең білім мен саналы тәрбие беріп жүрген ұстаздар - қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен Смағұлова Марғұба Шаймұратқызы, Ботаева Аянгүл Бозтайқызы, Молдатаева Айымгүл Манарбекқызы, Мұсабекова Сәуле Мақсұтқызы, шет тілдерін үйретуде орыс тілі мұғалімдері – Серкебаева Аида Балғабайқызы, Рахимбекова Әсемгүл Жақсылыққызы, Утегенова Гүлнар Мұстаққызы, ағылшын тілі мұғалімдері Жұмабекова Гүлнар Байдүйсенқызы, математика пәнінен Инербаев Мұрат Бүркітұлы, Асылбекова Гүлнар Қуанышқызы, Макина Рымтай Теміршотқызы, Қалихан Алмажан, Қапанова Гүлнұр Төленқызы, физика пәнінен Жұмабаева Айман Аманқызы, Жұмагелдина Айгүл Сандыбайқызы, информатикадан Бедебаева Айзада Сапарәліқызы, тарих пәнінен Шокина Баян Рақымжанқызы, Қасымова Баян, Сикибаева Шолпан, география пәнінен Сайфуров Жанат Елубайұлы, Қабышева Сағат Болатқызы, химия-биология пәндерінен Айтпаева Айгүл Рымбайқызы, Технологиядан сабақ беруші мұғалімдер Абенов Есжан Жанатұлы, Тологони Қанипа, әлеуметтік педагог Исабаев Жұмаш Зармұханұлы, өзін-өзі тану пәнінен Қабышева Зәуреш Болатқызы сынды ұстаздар егеменді еліміздің ертеңі, кемел келешектің кепілі боларлық білімді де білікті ұрпақ тәрбиелеуде аянбай еңбек етуде.

Жоғары оқу орнын тәмамдап, өз ұшқан ұяларына оралған шәкірттеріміз: Кирмандаева Бахтияр – мектептің жабдықтау жөніндегі инженері. Абенова Гүзаль Ерланқызы - ағылшын тілінің мұғалімі. Жұмабаев Дархан Маратұлы – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Макеева Гүлнар Дүйсенбайқызы – орыс тілі пәні мұғалімі. Байқадамов Ерлан, Сыздыкова Бұлбұл, Сыздыков Еркебұлан, Сатыбалды Айбол – дене шынықтыру мұғалімдері.

   2014-2015 оқу жылы майқайыңдықтар үшін ерекше жыл болмақ, себебі 85 жылға жуық тарихы бар мектеп тұңғыш рет жаңа ғимаратқа ие болды.

   Ғимараттың ашылу салтанатында облыс әкімі Қ. А. Бозымбаев «ПАЗ» маркалы автобусты сыйға тартты. Жобалық қуаты 420 орындық мектептің оқу-материалдық базасы: 26 оқу кабинеті, зертханалық жабдықпен жарақталған 1 кабинет (химия), кітапхана, 2 лингафон кабинеті, 2 информатика кабинеті, 1 мультимедиялық кабинет, мәжіліс және спорт залдары, асхана, 3 шеберхана (ағаш, металл, өндірістік) 8 интерактивті тақта бар. Жоғары білімді 65, орта арнаулы білімді 18, барлығы 83 мұғалім еңбек етеді.

   Ұстаздар мен оқушылардың шығармашылықпен және біліммен қаруланған жеке тұлға боп қалыптасуына зор мүмкіндіктер жасалған.

Сайт бойынша іздеу

Сайтқа кіру

Сайт статистикасы

Бүгін4
Кеше6
Апта17
Ай17
Барлық күндері36424

 

 

Температура параметрі

winter