10
7
8
9




Экскурсия по школе
Блог директора

<< < Қаңтар 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері

Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері

 

   1. Ата-аналар комитетінің іс-шараларына қатысып, мектеп әкімшілігі және педагогикалық ұжыммен бірігіп жұмыс жүргізуге;

   2. Баласының сабаққа кешікпеуін, сабақтан себепсіз қалмауын қадағалауға;

   3. Сабақ кестесіне сәйкес оқулықтар және оқу құралдарымен қамтамасыз етуге;

   4. Мектеп жарғысына сәйкес оқушының мектеп формасын сақтауын қадағалауға;

   5. Баланың сабақтан тыс ісшараларға үйірме және секцияларға, мектепішілік олимпиадаларға, жарыстарға қатысуын бақылауға алуға;

   6. Оқушының оқулықты ұқыпты ұстауын қадағалауға;

   7. Егер бала мектеп мүлкін бүлдірсе (оқу-зертханалық және басқа жабдықты бүлдірсе, оқулығын жоғалтса және т.б.) көрсетілген шығынды белгіленген тәртіпке сәйкес қалпына келтіруге;

   8. Баланы сабақтан бос уақытында және демалыс кездерінде қараусыз жіберіп,тәртіпсіздік жасауына жол бермеуге, баланың уақытын үнемді, мақсатты пайдалануын ұйымдастыруға;

   9. Баланың санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жүруіне, денсаулыққа байланысты зиянды заттарды пайдаланбауын қадағалауға;

   10. Баланың қалтасында өткір,үшкір,түйрейтін,кесетін,улы заттармен (пышақ, қайшы,ине,дәрі) жүрмеуін бақылауға;

   11. Ата-аналарға арналған іс-шараларға, ата-аналар жиналысына белсене қатысуға;

   12. Балаға қоғамдық жерлерде жүру тәртібін үйретуге;

   13. Балаға сағат 21.00 дан бастап, далада жүруіне тыйым салуға;

   14. Балаға патриоттық,рухани адамгершіліктік тәрбие беруге;

   15. Баланың салауатты өмір салтына сәйкес өмір сүруіне жағдай жасауға;

   16. Баланы кез-келген діни, басқа да жағымсыз әсер ететін ұйымдарданқорғауға міндетті.

 

   Ата-ананың міндеті:

   1. Балаңыздың сынып жетекшісімен тығыз байланыста болуы;

   2. Сабақтан келген балаңың күнделікті күнделігін тексеріп, көмек көрсету;

   3. Мектепішілік ата-аналар жиналысына қатысу;

   4. Сыныптың ата-аналар комитетінің төрайымымен байланыста болу;

   5. Балаңыздың мектептегі жағдайын жасау барысында өз еркінізбең оқу-тәрбие іс-шараларына қаржылық көмек көрсету;

   6. Мектептегі ашық есік күні балаңыздың сабағына қатысу;

 

   Ата-аналарға арналған этикалық кодекс

   1. Мектеп білім ошағы екенін есте ұстаңыз.

   2. Мұғалімнің қоғамдағы рөлін бағалаңыз,қолдау көрсетіңіз.

   3. Бала тәрбиесі тек мұғалімнің ісі емес,ортақ іс екенін ұмытпаңыз.

   4. Мектеп туралы,мектепте болған жағдай туралы анық-қанығына көз жеткізбей тұрып, бөгде орындарға таратпаңыз.

   5. Мектеп – балаңыздың екінші үйі екенін түсінсеңіз,өзіңізді де сол үйдің мүшесімін деп есептеңіз.

   6. Мектепішілік және сыныптағы ата-аналар жиналысынан қалыс қалмаңыз.

   7. Өз балаңыздың мектептен тыс уақыттағы өміріне аса үлкен жауапкершілікпен қараңыз.

   8. Балаңыз сапалы білім алсын десеңіз оған мектепке қажетті құрал-жабдықтарын уақытылы әперіңіз.

   9. Балаңыздың денсаулығы мен жеке басының тазалығына және киіміне жауапты қараңыз.

   10. Өз уақытымен балаңыздың оқу процесін,күнделігін,дәптерін қадағалап отырыңыз.

   11. Егер мектепке сабақ уақытында келсеңіз, сынып жетекшісін немесе балаңызды арнайы күту орнында күтіңіз.

   12. Өз мүмкіндігіңізге қарай мектепте өтілетін, қала көлемінде өтілетін мерекелік шараларға,байқауларға қатысыңыз.

   13. Өз еріктерімен әрбір ата-ана мектепке ұйымдастырушылық,ақпараттық және материалдық көмек көрсете алады.

   14. Мектеп ішінде, сыныпта бола қалған қиын мәселелі жағдайларда оны мынадай тәртіппен шешуге тырысыңыз:

     1. Сынып жетекшісі;

     2. Пән мұғалімі (қажет жағдайда);

     3. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;

     4. Әлеуметтік педагог;

     5. Мектеп басшысы.  

Сайт бойынша іздеу

Сайтқа кіру

Сайт статистикасы

Бүгін4
Кеше6
Апта17
Ай17
Барлық күндері36424

 

 

Температура параметрі

winter