10
7
8
9




Экскурсия по школе
Блог директора

<< < Қаңтар 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Психологиялық қызмет

 

   №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің психологиялық қызметі бойынша қазан айының 6-шы жұлдызында мектеп психологтары А.К.Акимжанова және Д.М.Сағындық «Өз балаңа үлгі бол» атты тақырыпта ата-аналарға арналған ауқымды ауданаралық конференция өткізді. Конференция барысында ата-аналарға бейнероликтер көрсетіліп,баяндама оқылды. Соңында,ата-аналар көкейтесті мазалап жүрген сұрақтарына мардымды жауаптар алып, «Маған жылулық сыйла» атты тренингпен ата-аналарға арналған конференция тәмәмдалды.

 

 

   

   Сонымен қатар, мектебімізде «Жарақаттың алдын-алу кезінде көрсетілетін психологиялық көмек » атты тақырыпта психологтарға арналған аудандық саминар өткізілді. Семинар барысында үлкен сынып оқушылары қандай жарақат түрлерімен таныс екендері және алғашқы көмекті қалай жасайтындары туралы айтып берді.

 

 

 

   Мектебімізде ата-аналарға арналған әр-түрлі қызықты ой-шолу кештер мен викторина, сұрақ-жауап және психологиялық тренингтер өткізіліп тұрады.    

   «Ата – ана мен бала арасындағы қарым –қатынас» атты тақырыпқа арналған ата-аналарға арналған мектепішілік семинар өткізілді. Семинар барысында әр ата-ана баласын қандай жолдармен тәрбие беретіні, қандай тиімді шешімдер қабылдайтындары туралы айтылды. Дөңгелек үстел ұйымдастырылып, ата-ана мен бала рөлдері сомдалды. Соңында бала мен ата-ана қарым-қатынасы жағдайында туындайтын мәселелерді тиімді шешу жолдары талқыланды.  

 

Сайт бойынша іздеу

Сайтқа кіру

Сайт статистикасы

Бүгін4
Кеше6
Апта17
Ай17
Барлық күндері36424

 

 

Температура параметрі

winter