Жаңалықтар
«КҮЗ КЕРЕМЕТІ»
«№1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде «Әліппе» оқулығын апробациядан өткізіп отырған мектепалды даярлық «А» сыныбында ата-аналармен бірге «Күз кереметі» атты ертеңгілігі өтті. Тәрбиеші Борог Сункар балаларды күз әлемімен таныстыруды. Күз мезгілінде болатын ерекшеліктерді сахналандыруды. Балаларды күз байлықтарымен, күзгі еңбекпен таныстырып, табиғатты сүю, қорғауға тәрбиелеуді мақсат еткен. Тәрбиеленушілер өз білімдері мен өнерлерін көрсете алды. Ата-аналар да өте қуанышты болып, тілектерін білдірді.
«Күзгі думан» атты мектепішілік күзгі балға арналған іс-шара
«
27.10. – 28.10.2017 күні №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде күз мезгілінде жыл сайын тойланатын дәстүрлі «Күзгі думан» атты 3-11 сыныптар арасында күзгі бал кеші өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: Мектебімізде өткізіліп жатқан «Күзгі думан» атты күзгі балл сайысына ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылдық, күз-шаттық, күз-қуаныш екенін оқушы санасына жеткізу. Өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.
«Жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшелігі» тақырыбында Назарбаев интеллектуалды мектебінің қатысуымен өткен семинар
«Назарбаев интеллектуалды мектібінің шығармашылық тобы пилоттық жобадағы мектептерде 24.10.2017 күні жаңартылған білім беру мазмұны бойынша пән мұғалімдеріне «оқушылардың оқу жетістіктерін анықтауда критериалды бағалау жүргізу және қалыптастырушы бағалауға тапсырмалар дайындау әдісі» тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында бағалауға арнылған тапсырмалар дайындау әдісін, командалық сабақ жоспарын жасауды, АКТ-ны қолданудың жаңа әдістерін ұсынды.
«Жаңартылған білім беру мазмұны: болашаққа бағдар» тақырыбында аудандық семинар
«Жаңартылған білім беру мазмұнындағы пәндер ерекшеліктері және бағалау түрлерін көрсету» мақсатында 2017 жылдың 31 қазан күні «Жаңартылған білім беру мазмұны: болашаққа бағдар» тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинарға аудан мектептерінен 217 ұстаз қатысты.
Семинарды аудандық білім бөлімінің басшысы Нуртаева Гулнази Зейноллаевна ашты. Мектеп директоры Мажитова Самал Сақтасынқызы мектептің жетістіктерімен және жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктеріне тоқталды.
«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасына сай өткізілген «Менің болашаққа бағдарым» атты тәрбие сағаты
«14.10.2017 күні №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес «Менің болашаққа бағдарым» атты 1-11 сынып арасында сынып сағаттары өткізілді.
Тәрбие сағатының мақсаты: Елбасының бұл мақаласында қазіргі Қазақстанның басты рухани құндылықтары айқын көрініс тапқан. Бұл – мақала ғана емес, мазмұны терең, ауқымы өте кең, ұлт руханиятын ХХІ ғасыр биігіне көтеретін рухани жаңғыру бағдарламасы деуге болады. Осы мақсатта тәрбие сағатында оқушылар болашақта қазақ еліне, жеріне өз үлестерін қалай тигізетіні туралы әнгімелесу.
«Қамқоршы күні» мерекесіне орай «Мейірім шуағы» атты мектепішілік ісшаралар
«18.10.2017 күні №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде Қайырымдылық күніне орай 3-10 сынып арасында «Мейірім шуағы» атты мектепішілік жәрмеңке өткізілді.
Жәрмеңкенің мақсаты: оқушыларды қамқорлыққа, мейірімді болуға тәрбиелеу, көп балалы отбасылар және әке-шешенің қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек беру. Жәрмеңкеге мектеп оқушылары дайындаған тағамдарын, оқушылар қолдан жасаған түрлі әшекей бұйымдар, дәмді торттар мен құйылған құймақтар әкеліп, жәрмеңкенің сәнін келтірді. Оқушылар мен мектеп ұжымы жәрмеңкені қызықтап, тәттілерді сатып алып жатты.