«Достық және Татулық»
№1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде 2016 жылы 23 қарашада «Достық және Татулық» тақырыбында бірыңғай сабақ өткізілді. Республика аумағында тұрып жатқан ұлттардың салт-дәстүрі мен мәдениетін құрметтеуге және толеранттылыққа тәрбиелеу мақсатында 2-11 сыныптар арасында бірыңғай тәрбие сағаттар өткізілді. Достық бар жерде ынтымақтастық бар демекші сыныптарда «Достық және татулық», «Достықтың кілті татулық» тақырыбында қызықты тартымды тәрбие сағаттары өткізілді.
2- 4 сыныптарда ойын түрде оқушыларға түрлі тапсырмалар дайындылып, топтық жұмыстар арқылы сабақтың тақырыбын айқын аша білді.
3- сыныптарда достық тақырыбына сай түрлі тапсырмалар арқылы оқушыларды баулып, «Дос» деген ұғымды бір-біріне анықтап, түсіндіріп, ойларын еркін жеткізе білді.
4 –ші сыныптарда «Досың сенің кім?», «Достықтың кілті татулық», саяхат сабақтары өткізілді. Ы.А.Адабекова, С.О. Сулейменова, К.Т. Ищанова мұғалімдердің сабақтары өте тартымды, сайыс, шығармашылық бағытта оқушылар дос туралы өлең жолдарын шығарып, сурет салып, бір – біріне «Дос» атты алтын кітап жинақтап, қызықты, тартымды, көңілді түрлі түстермен салынған суреттермен салынған жиырма бес бетті «Дос» кітабын шығарды. Сабақ қойған мақсатына жетті.
5-7 сыныптарда «Достық» тақырыбында бейне материалдар, фильмдер, жағдаяттық сұрақтар дайындалып, оқушылар сыныпта төрт топқа бөліне отырып, достықтықтың құндылықтарын тарқата білді. Тілек ағашын толтырып, өз достарының фотосуреттерімен безендірді. «Әуедегі шар» әдісін қолдана отырып 7-ші сыныптардың арасында Р.Б. Беремжанова мен Тологони Қанипа мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Ал қанекей дос болайық!» атты сайыс сабақ өткізілді. 8-9 – шы сыныптардың арасында «Дос- деген сөзге лайықтымыз ба?» атты пікір талас өткізілді. Сабақ барысында бейне материалдар, слайд, «Менің атым Қожа..» атты фильмдерден үзінділер көрсетіліп, бүгінгі күні достық қарым-қатынасты ңығайтатын батыл қадамдармен, адамгершілік құндылықтырға ұстанатын игі істердің жоғалуы туралы оқушылар талқылады. Пікір таласқа сынып жетекшілер, пән мұғалімдері, мектеп психологы А.К. Акимжанова «Достығымыз жараса берсін!» атты тренинг өткізіп, оларды бір – біріне адал дос бола білу үшін «Бақытымсың Сен!» атты психологиялық ахуал арқылы оқушыларды достыққа шақырды.
Сабақ саңында «Жан досым, үстем болсын мерейің...» атты селфи сайысы өткізілді. Сайыстың мақсаты оқушыларды достарымен жақындастыру, адал болу, эстетикалық тәрбиеге бой алдырып, әсемділікке баулу. Оқушылар әдемі сэлфи жасап, информатика пәні мұғалімі А.С. Бедебаеваның ұйымдастыруымен интербелсенді тақтаға Power Point бағдарламасын қолданып, бейне роликтер жасады. Аталған жобаға 7-8 минут уақыт берілді. Оқушылар белсенді қатысып, берілген уақытты компьютермен тиімді пайдалана білді. Жоба көңілді де жүйелі құрылған АКТ жабықталған тапсырмаларды қолданаып, орындап, белсенді қатысты.
«Достық және Татулық» күні біздің мектепте өте қызықты, көңілді өткізілді. 10-11- ші сыныптар дәліздегі электронды хабарландыру стендін мектебіміздің «Жас Ұлан», «Жас Қыран» бірыңғай өзін –өзі басқару оқушылар комитетінің фоторымен бірге, мектебіміздің «Шаңырақ» қауымдастығының 7 «А» сыныбымен 9 «Б» сыныптарының І – ші тоқсанның қорытындысы бойынша фото көрмесін ұйымдастырды. 10-11 сыныптарды «Достым саған мың алғыс!» атты тәрбие сағаты өткізілді.