Жаңалықтар
Өнерлі өрге жузер
Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша пилоттық жобаға қатысатын 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде оқушыларға саналы тәрбие, сапалы білім беру үшін барлық жағдай жасалған. Білім алумен қатар түрлі мерекелік іс-шаралар, сыныптан тыс іс-шаралар, түрлі мектепішілік сайыстар жиі-жиі болып тұрады. Өз сыныбымның өнерге, қазақтың салт-дәстүрін қастерлеуге деген ынта-ықыластары арта түседі. Қандай да болмасын іс-шараларға 3 «Г» сыныбының оқушылары үлкен қызығушылықпен қатысады. Біздің 3 «Г» сыныбының оқушылар ішінен мың бұралған биші де, қос ішектен күй төккен күйші де, әуелетіп ән салған әнші де, доп қуалаған футболист те, он саусағынан өнер тамған суретші мен шебер де бар. Сынып оқушыларының ұйымшылдығының, шеберліктерінің арқасында көптеген жетістіктерге қол жеткізіп келе жатырмыз. Солардың бірі- облыс әкімінің қолдауымен өткен «Ертіс Star» жас дарындыларды анықтауға арналған конкрус .
Біздің мектебіміздің және сыныбымыздың атынан Тулеубекова Динара қатысты. Динара аудандық, облыстық іріктеуден өтіп, сәуір айында өтетін галаконцертке жолдама алды. Динара мектепте озат оқитын, өзінің көркем мінезімен, сүйкімді көркімен, әсіресе, сыңғырлаған зор дауысымен жұртшылықты таңғалдырды.
Динара Рамазан Стамғазиевтің орындауындағы Несіпбай Айтұлының сөзіне жазылған Тұрсынжан Шапайдын әні «Дариға-дәуренді» тамылжыта айтып, көпшілік жүрегіне жеткізе орындады. «Өнер –білім берем десең басынан, Бер оқуға балаларды жасынан. Жас кезінде білім берсең қалай да, Өсе келе қолы жетер талайға»,-деп Жүсіп Баласұғын айтқандай, бір үйдің баласындай тату өсіп келе жатқан біздің сынып әлі де талай-талай жетістіктерге қол жеткізеді деп сенеміз.