Жаңалықтар
«Бес тас» асық ойыны
«ҚЕлбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасында ұлттық мәдениетіміздің түп-тамыры болып саналатын ойын түрлерін жаңғырту көзделген. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Тұңғыш Президент күні қарсаңында № 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында «Бес тас» асық ойнау сайысы ұйымдастырылды. Бес асық немесе кішкене домалаң тас арқылы ойналатын ойынға 5 «а» , 5 «в» сынып оқушылары қатысып, көне дәуірден келе жатқан ұлттық құндылықты белсенді түрде насихаттады. «Бес тас» асық ойнау сайысы соңында оқушылар жүлделі орындарға ие болып, мақтау қағазымен марапатталды.