Жаңалықтар
Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу туралы (наурыз)
2019 жылдың 13 ақпан күні №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде наурыз айында өтетін Ұлттық Бірыңғай Тестілеуді ұйымдастыру бойынша ата-аналар және оқушылармен бірге ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында оқу ісінің меңгерушісі А.Б.Ботаева ата-аналарды ағымдағы жылдың жаңалықтарымен таныстырды, яғни биылғы мектеп бітіруші түлек ЖОО-ға ақылы негізде түсу үшін жылына 4 рет тест тапсыра алады: қаңтар; наурыз; маусым-шілде; тамыз. Маусым-шілде айларында тапсырғандар конкурсқа қатысып, тиісті балл жинап, грантқа ие бола алады. Қаңтар және наурыз айында өтетін ҰБТ тапсыру ерекшеліктеріне тоқталды. Ата-аналар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген презентациялармен таныс болды. .