Жаңалықтар
Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған «Әліппе», «Ана тілі» пәндеріне сараптамалық жұмыс
2021 жылы 2 ақпан күні Майқайың кентінің екі мектебінің тәжірибелі бастауыш сынып мұғалімдерімен бірлесе отырып, жаңа оқулықтарға сараптамалық жұмыстар жүргізілді. «Әліппе» пәнінің мақсаты – дыбыспен жаттығу, әріп таныту, оқуға, жазуға, ауызша және жазба мәтін құрауға үйрету. «Ана тілі» пәнінің мақсаты – білім алушының оқу-жазу дағдыларын жетілдіру және тілін дамыту. Сараптамалық жұмыстар барысында мұғалімдер оқыту және білім беру процесінде әзірленген оқулықтар материалының мазмұнын іске асырудың тиімділігін айқындады. Сынақтан өткізілетін оқулықтардың МЖМБС-ның негізгі ережелеріне, үлгілік оқу жоспарларына, үлгілік оқу бағдарламаларының мазмұнына сәйкестігін салыстырды. Пәнаралық интеграция қағидатын іске асыруды және оқушылардың жас ерекшеліктеріне психологиялық сәйкестігін, оқулықтың әдістемелік аппаратының тиімділігі мен заманауилығын, практикалық дағдыларды дамытуға бағытталуын бағалады. Оқулық арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу және әлеуметтендіру мақсаттарын іске асыру барысында, оқулықтың білім алушының уәждемесіне бағытталуында оқушылардың қабылдауын, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру жағынан мұғалімдер өз ойларымен бөлісті.