Жаңалықтар
«Білім берудің мазмұнын жаңарту аясында педагогтердің функционалдық құзыреттілігін дамыту» облыстық байқауының қорытындысы
2017 жылдың 10 -қаңтар күні «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Павлодар облысы бойынша ПҚБАИ-да «Білім берудің мазмұнын жаңарту аясында педагогтердің функционалдық құзыреттілігін дамыту» облыстық байқауының II кезеңі (күндізгі) өткізілді.
Барлық типтегі жалпы білім беретін мектеп басшыларының қызметін жетілдіруге бағытталған байқаудың мақсаты: Педагогтердің функционалдық құзыреттілігін дамытуға мүмкіндік беретін инновациялық жобаларды қолдап, білім беру саласында басқарудың жаңа бағыттарын зерттеу және анықтау.
Байқаудың міндеттері:
- білім беру ұйымдары басшыларының кәсіби өсуі мен шығармашылық бастамаларын ынталандыру;
- білім берудің мазмұнын жаңарту аясында педагогтердің функционалдық құзыреттілігін дамыту бойынша үздік жобаларды анықтау;
- педагогтердің функционалдық құзыреттілігін дамыту аясында стратегиялық жоспарлау бойынша инновациялық тәжірибені тарату;
- педагогтердің функционалдық құзыреттілігін дамыту бойынша педагогтердің тәжірибелері мен ой-пікірлерін шоғырландырып, педагогтер қауымдастығының күшін біріктіру.
2016 жылғы қарашаның 25-і мен 30-ы аралығында I кезең (сырттай) өткізілді.
Байқау Ережесіне сәйкес ІІ кезеңде білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтердің функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша мультимедиялық сандық таныстырылымдар қорғалды.
«Білім берудің мазмұнын жаңарту аясында педагогтердің функционалдық құзыреттілігін дамыту» облыстық байқаудың I және II кезеңін қорытындысы бойынша жеңімпаздары белгіленді.
Облыстық байқаудың II дәрежелі дипломымен Баянауыл ауданы №1 Майқайың ЖОББМ директоры Мажитова Самал Сақтасынқызы марапатталды.
«Білім берудің мазмұнын жаңарту аясында педагогтердің функционалдық құзыреттілігін дамыту» облыстық байқауының жеңімпазын шын жүректен құттықтаймыз!
Мектеп ұжымы