10
7
8
9




Экскурсия по школе
Блог директора

<< < Наурыз 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30    

Жаңалықтар

«Мұғалімнің үздіксіз кәсіби дамуы»

   Павлодар қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2017 жылдың 30 наурыз күні «Мұғалімнің үздіксіз кәсіби дамуы-оқушы табыстылығының факторы» тақырыбында облыстық ғылыми –тәжірибелік конференция өтті. Конференция пленарлық бөлімнен, ашық сабақтардан, шеберлік сағаттардан және іс-әрекеттегі зерттеу және сабақты зерттеу нәтижелері бойынша постерлік қорғау жұмыстарынан құрылды.

   Пленарлық бөлімде Павлодар облысы білім беру Басқармасының басшысы Б.М.Бексейітова «Мұғалімнің кәсіби дамуы оқыту сапасын арттыру шарты ретінде» тақырыбында, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиал директорының орынбасары Шакурова Н.Ш. «Жаңартылған білім беру жағдайындағы педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесінің ерекшеліктері» тақырыбында, Павлодар қаласы, Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының директоры Сарбасов Н.С. «Педагогикалық рефлексия мұғалімнің үздіксіз кәсіби дамуының шарты ретінде» тақырыбында, Павлодар қаласы, химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Г.Э.Жукенова «мектептегі өзгерістер: ол үшін не қажет?» тақырыбында баяндамалар оқылды. Сондай-ақ Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдерінің өткізуімен 33 ашық сабақ көрсетілді.шеберлік сағаттар үш бағытта өтті: критериалды бағалаудың кіріктірілген моделін жүзеге асыру, кіріктірілген білім беру бағдарламасын жүзеге асыру және жаңартылған білім беру мазмұны, оқушыларды оқытудың тәсілдері.

   Мектебіміздің мұғалімдері өткізілген үш бағыт бойынша қатысып, тәжірибе жинақтаса, пилоттық жобада жұмыс жасайтын және жаңартылған білім беру мазмұны бойынша жұмыс жасайтын мұғалімдеріміз үшінші бағыттың «Пилоттық мектептердің жаңартылған білім беру мазмұны бойынша тәжірибесі» секциясында «Жаңартылған білім беру мазмұнындағы тиімді сабақ жоспары» шеберлік сағатын Сулейменова Г.Т., Жақсыбай» А.Қ., «Ағылшын және орыс тілі пәндерін оқытудағы қолданылатын белсенді әдіс –тәсілдер» шеберлік сағатын Арынжанова А.А., Абенова Г.Е., «Жаңартылған білім беру мазмұнындағы сауат ашу мен музыка пәндерінің сабақтастығы» шеберлік сағатын Омарова А.А., Ауғалиева Д.Т. өткізіп, өз тәжірибелерін облыс көлемінде таратты.

   Семинар соңында шеберлік сағаттарын өткізген мұғалімдер Алғыс хаттармен, ал барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды. «Тек жоғары білімді, талантты, парасатты, патриот мұғалім ғана лайықты ұрпақ тәрбиелей алады» деп Елбасымыз айтқандай, саналы ұрпақ тәрбиелейтін нағыз парасатты, білімді, жоғары білімді патроит мұғалімдер -біздің білім ордамызда жүргеніне мақтанышпен айта аламыз.

 

1

Сайт бойынша іздеу

Сайтқа кіру

Сайт статистикасы

Бүгін4
Кеше4
Апта19
Ай171
Барлық күндері37881

 

 

Температура параметрі

winter