Жаңалықтар
Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай өткізілген «Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбында өткізілген тәрбие сағатының анықтама есебі 2017-2018 оқу жылы
Тәрбие сағаттары 1-ауысымда сағат 8:00-ден, 2-ауысымда 14:00-ден басталды. Тәрбие сағаттарын әр сынып жетекшілері жоғары нәтижеде өткізді. 2-9 сыныптарда тәрбие сағатының тақырыбы «Мен өз елімнің патриотымын» болса, 10-11 сыныптарда «Болашаққа көзқарас» тақырыбында болды. Тәрбие сағаттарының өту барысында мектеп оқушыларының өз Отанына, еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігі бірден байқалады.
Мақсаты:
Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай – қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата – бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Тәрбиелік: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.