«Жаңартылған білім беру мазмұны: болашаққа бағдар» тақырыбында аудандық семинар
«Жаңартылған білім беру мазмұнындағы пәндер ерекшеліктері және бағалау түрлерін көрсету» мақсатында 2017 жылдың 31 қазан күні «Жаңартылған білім беру мазмұны: болашаққа бағдар» тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинарға аудан мектептерінен 217 ұстаз қатысты.
Семинарды аудандық білім бөлімінің басшысы Нуртаева Гулнази Зейноллаевна ашты. Мектеп директоры Мажитова Самал Сақтасынқызы мектептің жетістіктерімен және жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктеріне тоқталды. Он бір шебер сынып өткізілді. Олар: ағылшын тілі пән мұғалімдері Тлеубердина Б.М., Заирбаева А.С. «5-7 сыныптарда «Ағылшын тілі» сабағында критериалды бағалау өткізу», Орыс тілі пән мұғалімдері Рахимбекова А.С., Тулеутаева Ж.К. «5–7 сыныптарда білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау: критерийлер мен тапсырмаларды әзірлеу, жиынтық бағалау мен модерацияны ұйымдастыру», Математика пән мұғалімдері Макина Р.Т., Әбдірахман М.Е. «5-7 сыныптардағы математиканың ерекшелігі, бағалау түрлері», Қазақ тілі пән мұғалімдері Жұмабекова Ш.Р., Жұмабаев Д.М., Ботаева А.Б. « 5-7 сыныптарда «Қазақ тілі» оқу бағдарламасының ерекшеліктері: педагогикалық ұстанымдар мен стратегиялар», Тарих пәні мұғалімдері Қасымова Б.К., Абушарипова Э.У. «5-7 сыныптарда «Тарих» пәнінен жиынтық бағалаудың қолжетімді әдістері», Информатика пәні мұғалімдері Алибекова Д.Т., Алибекова Ж.Б. «5-7 сыныптарда «Информатика» пәнінде критериалды бағалау әдістері», Физика пән мұғалімдері Мажитова С.С., Есенбекова А.Б. «5-7 сыныптарда «Физика» пәнінің ерекшелігі және жиынтық бағалауды жүргізу», Бастауыш сынып мұғалімдері Сулейменова С.О., Арынжанова А.А. «2-сыныптарда «Математика» пәні бойынша оқу бағдарламасының ерекшеліктері», Бастауыш сынып мұғалімдері Адабекова Р.А., Оразбаева А.М. «2- сыныптарда «Қазақ тілінің» ерекшелігі және критериалды бағалауды жүргізу жолдары», оқу ісінің меңгерушілері Шокина Б.Р., Сулейменова Г.Т «Критериалды бағалауды қолдану ерекшеліктері», тәрбие ісінің меңгерушілері Каукенова А.Қ.Саньязов М.Ж. «Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар» атты шебер сыныптар өткізді. Семинарға қатысушы мұғалімдерге математика пәнінің мұғалімі Макина Р.Т. «Креатив шайқас» желілік топтық зияткерлік ойынын өткізді. Аудандық білім бөлімінің басшысы Нуртаева Гулнази Зейноллаевна семинарды қорытындылап, «Креатив шайқас» желілік топтық зияткерлік ойының жеңімпаздары мен шебер сынып өткізген мұғалімдерді Алғыс хатпен марапаттады.