«Жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшелігі» тақырыбында Назарбаев интеллектуалды мектебінің қатысуымен өткен семинар
«Назарбаев интеллектуалды мектібінің шығармашылық тобы пилоттық жобадағы мектептерде 24.10.2017 күні жаңартылған білім беру мазмұны бойынша пән мұғалімдеріне «оқушылардың оқу жетістіктерін анықтауда критериалды бағалау жүргізу және қалыптастырушы бағалауға тапсырмалар дайындау әдісі» тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында бағалауға арнылған тапсырмалар дайындау әдісін, командалық сабақ жоспарын жасауды, АКТ-ны қолданудың жаңа әдістерін ұсынды. 5-7 сыныптардағы «Математика», «Информатика», «Физика», «Химия», «Биология», «Жаратылыстану», «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің мұғалімдеріне «Жаңартылған білім беру мазмұнының оқу бағдарламасының ерекшеліктерін» үйретті. Ата-аналарға «Жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктері» тақырыбында дәріс оқыды. 5 «Ә» сыныбында математика пәнінен Әбдірахман М.Е., 5 «Б» сыныбында математикадан Мавланов М.А., 7 «Б» сыныбында ағылшын тілі пәнінен Тлеубердина Б.М., 5 «Б» сыныбында информатика пәнінен Алибекова Д.Т., 7 «Ә» сыныбында биология пәнінен Шайменова Г.З. тәжірибе алмасу сабақтарын өткізді. Семинар соңында Назарбаев интеллектуалды мектебінің шығармашылық тобы пән мұғалімдерінің сабақтарын талдап, ұсыныстар берді.