10
7
8
9




Экскурсия по школе
Блог директора

<< < Ақпан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
27 28        

№1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің мектепалды даярлық «А» сыныбында «Әліппе» оқулығын апробациядан өткізу бойынша «Қонақ күту-салтымыз. Пп дыбысы мен әрпі» тақырыбында ата-аналармен өткен ашық сабақ туралы ақпарат

 

    27 ақпан күні жоспарға сәйкес мектепалды даярлық «А» сыныбында тәрбиеші Борог Сункар «Әліппе» оқулығын апробациядан өткізу бойынша ашық сабақ өткізді. Ашық сабаққа он екі ата-аналар қатысты.

   Жоспарды құрастыру барысында оқу іс-әрекетіне деген қызығушылығын, фонематикалық есту-тыңдауын, дыбыс, буын, сөз, сөйлем туралы алғашқы ұғымдары мен түсініктерін, сызба-модельдерді қолдана отырып, сөзге дыбыстық талдау жасау, дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату, сөздерді буынға бөлу дағдыларын, қабылдау қабілеттерін және тұрақты зейінін, ауызша, жазбаша тілін дамыту әрі қалыптастыру мақсаттары ескерілді. Аталған бағыттардың барлығы балалардың ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылып, соның ішінде Әліппе оқу-әдістемелік кешенінде сөйлеу іс-әрекетінде басты міндеттер ретінде көзделгені байқалды. Мектепалды балалардың төрт түрлі сөйлеу іс-әрекетін: тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдылары арқылы қалыптастыруға бағытталған. Бұл дағдылары баланың кез келген орта жағдайында бəсекеге қабілетті болуға, қарым-қатынас үдерісінде тиімді қолдануға мүмкіндік береді және алғышарты қаланады. Мектепалды даярлық топ (сынып) балаларының барлық іс-әрекеті, оның ішінде оқу іс-әрекеті тыңдалымның негізінде жүргізілді.

   Борог Сункар балалардың пәнге деген қызығушылығын оята алды. Сабақта жағымды психологиялық ахуал тудырды және шығармашыл орта қалыптастыру әдістері мен түрлерін қолдана білді. Оқушылардың оқудағы жетістіктерін өзіндік және өзара бағалатты, бағалау әдістері мен тәсілдерін тиімді қолданды. Оқушылардың деңгейін ескере отырып бақылау-бағалау материалдарын қолданып отырды.

   Сабақ соңында ата-аналар тарапынан ашық сабаққа өз бағалары мен пікірлерін берді. Жалпы ата-аналар сабаққа қатысқандарына өте қуанышты болды. «Әліппе» оқулығын апробациядан қалай жүріп жатқанымен танысты.

 

1 1
1 1

Сайт бойынша іздеу

Сайтқа кіру

Сайт статистикасы

Бүгін1
Кеше2
Апта12
Ай164
Барлық күндері37874

 

 

Температура параметрі

winter