Кітап-білім бұлағы
Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі - білім қазынасы. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. "Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік", - деп Ғабит Мүсірепов атамыз айтқандай, рухани өсиетті насихаттап, оқырмандық мәдениетті қалыптастыру мақсатында мектеп кітапханашылары «Кітап-білім бұлағы» атты іс-шара өткізді. Іс-шара барысында кітапты таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу туралы айтылды. Сонымен қоса, әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың біріне айналған кітаптың қыр-сырымен танысу оқушыларға өте қызықты болды.