Ауғанның отты жалыны
Ауған соғысы - КСРО Қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. Осыдан 30 жыл бұрын, 1989 жылдың 15 ақпанында, геосаяси кордонға айналған Ауғанстаннан 10 жыл соғысудан көз ашпаған КСРО әскері шығарылды. Қанды қырғында оққа ұшқан жауынгерлер есімі алтын әріппен тарихқа енді. 15 ақпан- Ауған соғысы ардагерлерi үшiн естен кетпес ерекше күн. № 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде де Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына орай «Ауғанның отты жалыны» тақырыбында ақпараттық-танымдық сағат өткізілді. Шараға 8,9,10 - сынып оқушылары, ұстаздар қауымы және Майқайың кенті бойынша әскери есепке жауапты маман қатысты. Оқушыларға бейнероликтер көрсетіліп, ауған соғысының тарихи маңызын талқыланды. Сонымен қатар, мектепішілік «Қайсар» әскери-патриоттық клубы автомат жинаудан сайыс түрлерін көрсетті.