Сұлулық пен денсаулық
8- наурыз Аналар мерекесіне орай 3- сыныптар арасында оқушылар мен ұстаздардың денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау мақсатында «Сұлулық пен денсауылық» атты спорттық іс шара ұйымдастырылды. Іс шараға 3 «а» ,3 «ә», 3 «б» сынып оқушылары қатысты. Шара барысында әр топ өз ұранын, төсбелгісін таныстырып, спорт туралы сұраққа жауап беріп, секіртпеден секіріп, орнынан ұзындыққа секіріп, спорт туралы А3 форматқа сурет салып, қорғады. Спорттық сайыс 5 баллдық жүйемен бағаланды. Спорттық шара соңында 3 «б» сыныбы І орын, 3 «а» сыныбы ІІ орын, 3 «ә» сыныбы ІІІ орын иеленді. Сайыс соңында командалар шағын сыйлықтармен, алғыс хатпен марапатталды.