Гүл патшасы-қызғалдақ
Гүл патшасы – қыз¬ғал¬дақ біздің жерімізде Тянь-Шань тауларының етегі мен шөлейт даланың түйісер тұсында пайда болған. Қазақ топырағындағы осынау қарапайым, сондай-ақ ерекше гүлдер өз әдемілігімен көптеген халықтың жүрегін жаулап, біртіндеп бүкіл әлемге тарады. Жер шарының қай түкпірінде болмасын алуан түсті қызғалдақтар өседі. Үлбіреген нәзік гүлге әрдайым сүйсіне қараймыз. Биолог, ботаник ғалым Анна Иващенконың «Қазақстан қызғалдақтары және жуа тұқымдас өзге өсімдіктер» атты кітабында қызғалдақтың отаны – Қазақстан екендігін анық жазған. Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында да қызғалдақтарға ерекше ден қойылып, бүгінде жер жүзінде қызғалдақтың 3 мыңнан астам түрі бар болса да , олардың басым көпшілігі - біздің дала қызғалдағының «ұрпағы» екені атап өтілді.
Қызғалдақтар наурыз айының соңғы күндерінде ғана өсіп шығатындықтан, өзіміздің төл мерекеміз – Наурыздың да символы іспетті.
№ 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде Наурыз мейрамының символына арналған қызғалдақ гүлдерін жасау байқауы өткізілді. 1-9- сынып оқушылары әр түрлі заттарды пайдалан отырып, қызғалдақ гүлдерінің гүл шоғын жасады. Көздің жауын алатын гүл шоқтарын жасауда пластик бөтелкені, бір реттік қасықтарды пайдаланды.
Қызғалдақ гүл шоғын жасау байқауына қатысқан барлық сыныптар Алғыс хаттармен марапатталды.