10
7
8
9




Экскурсия по школе
Блог директора

<< < Наурыз 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 24
25 26 27 28 29 30 31

Ұлттық киім-асыл мұра

   

   Бүгінгі ұрпақ үшін қасиеті мен қадірі, мәні мен мағынасы, берер тәлім-тәрбиесі мен ұлағаты ерекше асыл мұра – қазақтың ұлттық киімдері. Қазақ ұлттық киімдері өзінің сипатымен, сырымен, сұлулығымен, сәнімен сан ғасырлық тарихының иісін сақтаған, бедерін жеткізген. Қазақ халқы бар өмірін ат үстінде өткізген көшпенділер құлазыған кең даланың үскірік аязы мен аптап ыстығында, салқын самалы мен аңызақ желіне қамсау болар ұлттық киімдердің түр – түрін ойлап тапқан. Қазақы киім – көненің көзі. Қазақтың ұлттық киімінің көп тарихы бар. Қазақ киімдерінің түрлері, атаулары жайлы Республикамыздың әйгілі ғалымы академик Ә. Марғұлан мен архитектура ғылымының кандидаты Т.Бәсенов, А.Масанов, Х.Арғынбаев, Ұ.Әбдіғатпарова еңбектерінде кеңінен айтылған.

   № 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде қазақтың ұлттық киімдерін қастерлей білуге тәрбиелеу мақсатында «Ұлттық киім кию» акциясы өткізілді. Акцияға мектеп оқушылары, ұстаздар, мектеп ұжымы қатысты. Олар ұлтымызды ұлықтап, дәстүрімізді дәріптейтін ұлттық үлгідегі киім түрлерін насихаттады.

 

Сайт бойынша іздеу

Сайтқа кіру

Сайт статистикасы

Бүгін1
Кеше2
Апта12
Ай164
Барлық күндері37874

 

 

Температура параметрі

winter