2020-2021 оқу жылында 1-сыныпқа арналған "Әліппе", "Ана тілі", оқулықтарының және ОӘК сынағын ұйымдастыру және өткізу
ҚР БҒМ 2012 жылғы 24 шілдедегі № 344 бұйрығымен бекітілген "Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды дайындау, сараптау, сынақтан өткізу, мониторинг жүргізу және басып шығару Қағидаларының» 4-тарауы негізінде, жаңа әзірленген оқулықтарды сынақтан өткізуді ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындау пилоттық мектептер базасында №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі 1 (бір) оқу жылы ішінде жүзеге асыру барысында жұмыс атқарып жатыр. Сынақтан өткізу мақсаты: Оқулықтың әдістемелік аппаратының тиімділігін, оның мазмұнының қол жетімділігін, оқу материалын мазмұндау тілінің оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестігін және бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлерінің жаңадан әзірленген оқулықтарын оқу процесіне енгізу мүмкіндігін зерделеуді бағалау.
Апробатор-мұғалім А.М.Оразбаева кіріспе және қорытынды семинарларға қатысуда, сынақ өткізу кезеңде білім алушылар мен олардың ата-аналары арасында әңгімелесу, сауалнама және сұхбат жүргізеді, сынақ процесінде өткізілетін ғылыми-әдістемелік пен ақпараттық-әдістемелік және басқа да іс-шараларға қатысуда. Мұғалім-апробатор әзірленген оқу бағдарламалары мен оқулықтарына сәйкес теориялық және практикалық сабақтар өткізуде. Оқулықтарды сынақтан өткізу жөніндегі осы Нұсқаулық білім беру процесіне жаңадан енгізілген оқулықтарды сапалы талдауды қамтамасыз етуге бағытталған. Сынақтан өткізу жөніндегі Нұсқаулық ұсынылған мониторинг тетіктері мен құралдарын қолдана отырып, педагогикалық және оқу ортасында болып жатқан процестерді кешенді жүйелі түрде қадағалауды көздейді. Сынақты өткізу тәртібі бойынша нұсқаулар ұсыным беру сипатында болады, бұл сабақтарды өткізу нысандарын, құзыреттерді игеру деңгейін бағалау әдістемелерін және сараптамалық бағалау өлшемшарттарын таңдауда сынақтан өткізу үшін іріктелген білім беру ұйымдарының белгілі бір дербестігіне жол береді. Сынақтың жүргізілуін бақылау, мониторинг, әдістемелік және ақпараттық қолдау, қорытынды талдамалық есеп "Оқулық" РҒПО мен аймақтық ОӘО-на жүктеледі.