Қарттар күні
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп өскен қазақ баласымыз. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарт кісілерге үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан-жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. 1 қазан –Халықаралық Қарттар күні мерекесіне орай мектебімізде «Қарты бардың қазынасы бар» атты тәрбие сағаттары өтізілді. 1-11 сыныптар арасында «менің атам,менің әжем» атты видеолар түсіріп өз ата-әжелерін құттықтады.
Тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуіне үлестерін қосқан, саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан қарттарымыздың төл мерекесі құтты болсын!