«ЭКСПО-2017»- нақты ғылымдар тілінде» тақырыбындағы математика, информатика және физика пәндері бойынша онкүндік.
Мектебімізде жоспарға сәйкес 2016 жылдың 19 қазан-29 қазан аралығында «ЭКСПО-2017»- нақты ғылымдар тілінде» тақырыбында математика, информатика және физика пәндері бойынша 5-11 сыныптар арасында онкүндік болып өтті.Мектеп дәлізінде аталған тақырыпқа сай стенд дайындалды, онкүндіктің жоспары бекітілді.
20 қазан күні «Астана Экспо-2017» тақырыбында физика пәнінің мұғалімі Жұмагельдина Айгүл Садыбайқызының ұйымдастыруымен 10а, 9а,9ә сыныптарының арасында конференция болып өтті. Конференция жүргізушісі Жантемір Жанна, баяндамашылар Қанат Ерболат, Төлеутаев Батырбек, Халимолла Дәурен осы тақырыпқа баяндамалар оқып, журналистердің сұрақтарына толық жауап беріп отырды. Әзірленген слайдтар арқылы ЭКСПО туралы көп мағлұматтар берілді. Конфернеция соңында белсене қатысқан оқушылар «Алғыс хатпен» марапатталды. 21 қазан күні 8-сыныптар арасында физика пәнінің мұғалімі Жұмабаева Айман Аманқызы «Сергектік сусынын іздеу» тақырыбында физикалық ойын өткізді. Берілген әрбір тапсырма оқушыларға келген хаттар арқылы жеткізілді. Хат иелері: зейнеткер ұстаз Р.О.Мақатаева, физика пәнінің мұғалімі А.С.Жұмагельдина және былтырғы оқу жылындағы «Алтын белгі» иегері Е.Алпысов болды. Оқушылар қызығушылықпен қатысты,үй тапсырмасына берілген физикалық көрініс көрсету өте қызықты өтті.Ойын соңында 8 «б» сыныбы жеңіске жетіп «Алғыс хатпен» марапатталды. 25 қазан күні информатика пәнінің мұғалімі Алькенов Асылтас Мейрамұлы 9 «ә» сыныбы оқушыларының арасында «Көңілді, тапқыр- информатик» тақырыбында сайыс өткізді.
Информатика пәнінің мұғалімі А.С. Бедебаева 7 «а», 7 «ә» сыныптары арасында өткізген «Жұлдызды сәт» ойынына қатысқан командалар сайысы өте тартымды өтті. Командаларға берілген сұрақтар тек қана информатика пәнін ғана қамтымай, оқушылардың ой –өрістерін кеңейтетін логикалық сұрақтары басым болды. Нәтижесінде 7 «а» сыныбының оқушылары жеңіске жетіп марапатталды.
Математика пәнінің мұғалімі С.Қ.Рахимова 5 «ә» және 6 «б» сыныптарының арасында «Жүзден-жүйрік, мыңнан-тұлпар» атты сайыс өткізді. Оқушылар өте белсенділікпен қатысты.Өздерінің топпен жұмыс жасай білетіндіктерін және көшбасшылықтарын көрсете білген 6 «б» сыныбы жеңіске жетті.Сайысқа екі сыныптың оқушылары да толық қатысты.
«Жас информатиктер» деп аталатын 4 «а» сыныбының «Монитор» және «Перне тақта» командаларының арасында өткізілген сайыс өте қызықты да тартымды өтті. Мұғалім А.Р.Смайлова оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып тапсырма-сұрақтарды өте дұрыс таңдай білген. Тартымды тартыстан кейін «Монитор» командасы бірінші орынға шықты. Командалар марапатталып, оқушыларға мұғалім тарапынан тәтті сыйлықтар үлестірілді.
26 қазан күні 6-сыныптар арасында математика пәнінің мұғалімі Ж.М.Рахимова өткізген «Креатив шайқас» сайысы өте қызықты өтіп, қатынасқан көрермендер көңілінен шықты. 6 «а», «ә», «б» сыныптарының әрқайсынан екі командадан құралған алты топ кезектесіп өз білімдерін сынауға шықты. Оқушыларға интербелсенді тақтаның көмегімен берілген сұрақтар шығармашылықтарын дамытып, логикалық ойларын жетілдірді. Сайыс соңында 6 «а» сыныбының екінші тобы бірінші орынды иемденді. 7 «а» және 7 «б» сыныптарының арасында математика пәнінің жас мұғалімі М.Е.Әбдірахман «Математикалық турнир» өткізді. Турнирдегі әр бөлім оқушыларға ой салатындай, математикалық ой-өрістерін дамытатын тұрғыда құрастырылған. Турнир нәтижесінде 7 «б» сынып оқушылары жеңіске жетіп марапатталды. 28 қазан күні 8-сыныптар арасында математика пәнінің мұғалімі Г.Т. Қапанова «Математикалық турнир» өткізіді. Оқушылар жоғары белсенділікпен қатысып,өз шығармашылықтарын көрсете білді. Жеңген командалар марапатталып, белсенді көрермендерге алғыс білдірілді.
Мектепте өткізілген осындай іс-шаралар оқушылардың ой – өрістерін кеңейтіп шығармашылыққа жетелейтіндері сөзсіз.