Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.С.Заирбаева мен аға тәлімгер Д.С.Шапиевтің ұйымдастыруларымен Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 10 «А» сынып оқушысы Бахытұлы Дәуренбектің 8-сынып ұлдар арасында СӨС-ті сақтау, Дүниежүзілік Универсиада бойынша «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты спорттық сайыс өткізді. Сайысты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.С.Заирбаева құттықтау сөзімен ашты. Мектептің күміс-көмей әншісі Хажғали Толағай сайыскерлерге арнап «Алға, Қазақстан!» әнін шырқады. Сайыстың бағдарламасы 6 кезеңнен тұрды: эстафета, кенгуру, пингвин, алтын қасық, кім шапшаң, кім күшті. Сайыстың қорытындысы бойынша I орын 8 «А» сынып, II орын 8 «Ә», III орын 8 «Б» сынып сайыскерлері алды. Барлық жеңімпаздар дипломдар марапатталды.