10
7
8
9




Экскурсия по школе
Блог директора

<< < Ақпан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28          

Мектебімізде 2017 жылғы 1ақпан күні Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауын ұжым және оқушылармен талданды.

Мемлекет басшысы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы жоғары деңгейде өткенін атай отырып, биылғы, яғни 2017 жылы Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болатынын айтты. Сонымен қатар Астана қаласында «ЭКСПО - 2017» халықаралық көрмесі өтетінін және қазіргі уақытта Алматыда Универсиада – 2017 спорт ойындары өтіп жатқанын, оған 57 мемлекеттен 2 мыңнан астам спортшы мен делегация мүшелері қатысуда екенін айта кетті.

   Биылғы жылғы Жолдаудың ерекшелігі әлемде кезекті, Төртінші өнеркәсіптік революция басталды деп көрсетті. Бұл дегеніміз- жаңғыру, қазіргі жаһандық сын – қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа «Қазақстан - 2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ деді. Осы мақсат негізінде Елбасы бес негізгі басымдықты атап өтті. Бұл басымдықтар негізінде озық 30 елдің қатарына қарай тұрақтау керектігін айтты.

   Енді басымдықтарға тоқтала кетсем, бірінші басымдық – экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы. Цифрлық технология қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендету маңызды кешенді міндеттеді. 3D – принтинг, онлайн – сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту қажет деді. Екінші басымдық – бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту. Осыған байланысты мектепке дейінгі білім беру ісіне тарту саласында жақсы нәтижелер бар. Өткен 3 жылда мемлекет 40 мың орынға арналған 189 балабақша салса, жекеменшік сектор 100 мың орынға арналған 1300 балабақша ашты. Жекеменшік балабақшалардың ең көбі Оңтүстік Қазақстан (397), Алматы (221), Қызылорда (181) облыстарында ашылды. Үшінші басымдық – макроэкономикалық тұрақтылық. Төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсарту. Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет. Сонымен бірге, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керек. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту қажет. Атап айтқанда, үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу мәселесі бойынша ұсыныстар әзірленеді. Қазақ тілінің басымдығы сақталады деді. Оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, бүгінде ағылшын тілі – жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі. Қазіргі кезде 90% ақпарат ағылшын тілінде жарияланады. Әрбір екі жыл сайын олардың көлемі 2 есе ұлғайып отырады. Ағылшын тілін меңгермей, Қазақстан жалпы ұлттық прогреске жете алмайтынын айтты.

   2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқытатын боламыз. Бұл мәселені тиянақты ойланып, ақылмен шешу қажеттілігін көрсетті.

   Мектептердің және мұғалімдердің деңгейі, әсіресе ауыл мен қалада әртүрлі. Білікті педагогтардың жетіспеу проблемасы да бар. Сондықтан, осының барлығын ескеріп, ағылшын тілін кезең-кезеңмен енгізу керектігі айтылды.

   Оқушылар Елбасы жолдауын барынша қолдады. Әсіресе, Елбасы атап көрсеткен биыл «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасының іске асырылуы және тегін оқытумен қамту. Кәсіптік білім беру жүйесінде, экономикадағы жаңа өндірістер үшін мамандар дайындауға ден қою керек.Ол үшін кәсіптік стандарттар еңбек нарығының талаптарына және ең үздік әлемдік оқу-өндірістік тәжірибелерге сәйкес жаңартылуы қажет. Сонымен қатар, жоғары білім беру жүйесі сапасына ерекше назар аударылады. Жоғары оқу орындарының кадрлық құрамына, материалдық-техникалық жабдықталу деңгейіне, білім беру бағдарламаларына қатысты бақылау мен талап күшейтілуі қажеттілі айтылды.  

 

Дайындаған тарих пәнінің мұғалімі Шокина Б.Р.

Сайт бойынша іздеу

Сайтқа кіру

Сайт статистикасы

Бүгін0
Кеше2
Апта11
Ай163
Барлық күндері37873

 

 

Температура параметрі

winter