10
7
8
9




Экскурсия по школе
Блог директора

<< < Ақпан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28          

«Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ»

  Ағымдағы жылдың 7 ақпанында мектебімізде 6-сыныптар арасында «Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ» сайысы өтті. Сайыстың мақсаты 28-ші қысқы Универсиадаға орай оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Сайыс 6 кезең бойынша өтті: таныстыру кезеңі ( аты, ұран, төс белгісі ), топ басшылардың сайыс кезеңі (30 секундта тез секіру және көп секіру керек), мақал-мәтелдер жарысы (спорт туралы кезең), жұмбақ шешу (сұрақ-жауап), әзіл спорт кезең ( орнынан секіру), үй тапсырмасы ( А3 қағазына спорт туралы сурет салу). 1-кезең бойынша 6 «А», 6 «Ә», 6 «Б» сыныптарының қатысушылары өлең айту, өз шығармашылығынан шығарылған өлеңдер бойынша өздерін таныстырды. Келесі кезеңдер бойынша оқушылар секіртпе жіппен орнында уақытқа секірді. Сайыскерлерді мақал – мәтелдермен жарыстырып, жұмбақ шешкізді. Сайыстың соңғы кезеңі, үй тапсырмасы бойынша үйге берілген тақырыптар бойынша салған суреттерін қорғау болатын. «Адам денсаулығы – қоғам байлығы. Денсаулық - баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние, ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш - жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек. Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімін де қиюға болады. Денсаулықсыз өмір қызықсыз әлем деп есептеймін» - деп аяқтады өз құттықтау сөзінде «Жас Ұлан» ұйымының мүшесі 10 «А» сынып оқушысы Даниал Маркен.

 

1 1
1 1
1

Сайт бойынша іздеу

Сайтқа кіру

Сайт статистикасы

Бүгін0
Кеше2
Апта11
Ай163
Барлық күндері37873

 

 

Температура параметрі

winter