«Білгіштер бекеті» сайысы
Сәуір айының 27-ші жұлдызында бастауыш сынып апталығына орай бірінші сыныптар арасында «Білгіштер бекеті» атты сайыс өтті. Әр сыныптан екі оқушы қатысып топ құрады. Ойын бес кезеңнен тұрды. Сайыстың мақсаты: Жан-жақты ой-өрісі кең, өз елінің, халқының, қамын ойлайтын азамат болуға баулу. Оқушылардың ынтасын, қызығушылығын арттырып, ой-қисынын дамыту. Адамгершілікке, жауапкершілікке баулу. Оқушылар әр кезеңде қызықты сұрақтарға қызыға отырып жауап бере білді. Болашақта осы оқушыларға сайыстарға жиі қатыстырып отырсақ ізденпаз, жан-жақты, ойы ұшқыр оқушы шығады деп ойлаймын.