"Бастауыш сынып онкүндігінде"
2017 жылдың 26 сәуір күні "Бастауыш сынып онкүндігінде" 3 сынып арасында 4 топтың қатысуымен «Өнерлі өрге жүзер» атты қолөнер байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: - Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттық қолөнерімізге деген қызғушылығын, ойлау қабілетін, сөйлеу шеберлігін арттыру, сахнада өзін-өзі ұстау қабілеттін қалыптастыру;
Қыздар келесі бағыттар бойынша сынға түсті:
1. «Сәлемдесу» (әр топ атымен,ұранымен,эмблемасымен таныстырады).
2. «Кім білгір? »(сұрақ-жауап)
3. «Істі ине тікпейді,икемді қол тігеді» (түйме қадау)
4. "Ойлы болсаң,озып көр»(мақал-мәтел сайысы)
5. «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (ою-өрнек қию)
Бұл жерде,қолөнер тақырыбын алудын өзіндік себебі бар.Өйткені,қазіргі таңда ою оятын,инемен іс тігетін жандардың қатары сиреп баратыны барлығымызға белгілі.Ал біздің мақсатымыз осы халықтың өнерін оқушылар,қыз балалар арасында дамыту,оны дәріптеу.
"Кім білгір?" бұл жерде, ине,ою-өрнекке байланысты сұрақтар қойылып,топтаса жұмыс жасай отырып,берілген уақыт аралығында сұрақтарға жауап берілді. "Істі ине тікпейді,икемді қол тігеді" осы сайыста,қыздар қаншалықты түйме қадай алатынын көрсетті.Неше тігіс түрлерін білетіндерін істе дәлелдеді. "Ойлы болсаң,озып көр" топ ішінде ақылдаса отырып,осы тақырып бойынша қанша мақал-мәтелдер білетіндерін,кім көп білетінін айтып,жарысты. "Ою ойғанның ойы ұшқыр" үлкен әже,апаларынан үйренген ою-өрнектерін қиып,безендірді.
Сәндік қолөнерге үйреткенде белгілі шеберлердің туындыларына талдау жасап, мүмкіндігі болса еңбектерін көрсетіп, мұражайларды аралатып немесе шеберлердің жеке көрмелеріне апарып, шәкірттердің қызығушылығымен ой-өрісін ояту қажет деп санаймыз. Қазіргі кезде сол ұлттық қолөнерді жас ұрпақтың бойына дарытатын, үйрететін білім ортасы. Олай болса «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген халық даналығын басшылыққа алып, жас ұрпақты тәрбиелеуде, дамытуда, қалыптастыруда халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан тәрбие құралдарын(тіл, дін, өнер, үлгі өнеге) орнымен пайдалану, бүгінгі күн үшін де ерекше маңызды.
Жүлделі орын иегерлері:
Бас жүлде – 3 «б» сынып қыздары
І-орын- 3 «ә» сынып қыздары
ІІ-орын – 3 «в» сынып қыздары І
ІІ-орын – 3 «а» сынып қыздары