«Қамқоршы күні» мерекесіне орай «Мейірім шуағы» атты мектепішілік ісшаралар
«18.10.2017 күні №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде Қайырымдылық күніне орай 3-10 сынып арасында «Мейірім шуағы» атты мектепішілік жәрмеңке өткізілді.
Жәрмеңкенің мақсаты: оқушыларды қамқорлыққа, мейірімді болуға тәрбиелеу, көп балалы отбасылар және әке-шешенің қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек беру.
Жәрмеңкеге мектеп оқушылары дайындаған тағамдарын, оқушылар қолдан жасаған түрлі әшекей бұйымдар, дәмді торттар мен құйылған құймақтар әкеліп, жәрмеңкенің сәнін келтірді. Оқушылар мен мектеп ұжымы жәрмеңкені қызықтап, тәттілерді сатып алып жатты.
13.10.2017 күні «Қамқоршы күні» мерекесіне орай 3-сыныптар арасында ата-аналарымен бірге, 6-7 сыныптар арасында сынып жетекшілерімен бірге «Мейірім шуағы» атты спорттық сайыстар өткізілді.
Жарыс соңында «Мейірімді бола білейік» тақырыбында концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Ол кешке жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баларды өз қамқорлығына алған отбасыларды (біздің мекемемізде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеп отырған 1 отбасы бар), қамқоршы кеңесінің төрайымы Жумагулова А.М. шақырылды. Концерт соңында біздің мекемемізде ата-анасының қомқорлығынсыз қалған оқушыға мектеп тарапынан сыйлыққа оқу құралдары беріліп, оны тәрбиелеп отырған отбасыға алғыс білдірілді.
Жалпы ісшаралардың көздеген мақсаты: қамқоршыларды, патронаттық тәрбиешілерді қолдау, өз отбасына тәрбиелеуге алған отбасыларға алғыс білдіру, бөтен бала және бөтен қайғы болмайды деп санайтын отбасыларды қолдау, ынталандыру.