«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасына сай өткізілген «Менің болашаққа бағдарым» атты тәрбие сағаты
«14.10.2017 күні №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес «Менің болашаққа бағдарым» атты 1-11 сынып арасында сынып сағаттары өткізілді.
Тәрбие сағатының мақсаты: Елбасының бұл мақаласында қазіргі Қазақстанның басты рухани құндылықтары айқын көрініс тапқан. Бұл – мақала ғана емес, мазмұны терең, ауқымы өте кең, ұлт руханиятын ХХІ ғасыр биігіне көтеретін рухани жаңғыру бағдарламасы деуге болады. Осы мақсатта тәрбие сағатында оқушылар болашақта қазақ еліне, жеріне өз үлестерін қалай тигізетіні туралы әнгімелесу.