10
7
8
9




Экскурсия по школе
Блог директора

<< < Қазан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Жаңартылған білім беру бағдарламасын жүзеге асырудағы қадамдар

Павлодар облысы

Баянауыл ауданы

№1 Майқайың жалпы орта білім беру мектеп

директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Д.Хакимова

 

Жаңартылған білім беру бағдарламасын жүзеге асырудағы қадамдар

 

   Қазіргі кезде білім беру саласына жаңа көзқарас, жаңаша талап қойылып отыр. Әлемдік білім беру кеңістігіне кірігудің стратегиялық мәселелерінің бірі он екі жылдық оқыту үлгісіне көшу болып табылады. Оның үш бағытта жүзеге асып жатқандығы белгілі. Бірінші бағыт білім беру жүйесі мазмұнын жаңарту болса, Республика көлемінде «Мектепалды даярлықтың білім беру бағдарламаларын, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын, оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін апробациялау бойынша 30 пилоттық мектептің қатарына» көш бастап Павлодар облысы Баянауыл ауданы №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі де еніп, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша екінші сыныптарында апробацияны өткізу жалғасуда. Жалпы орта білім беру мазмұнын жаңартуды көздеген жоба әлемдік озық үрдіске сәйкес әзірленген. Онда мектеп оқушыларын жоғары адамгершілік құндылықтары қалыптасқан, сын тұрғысынан ойлай алатын, ғұмыр бойында жеке басының мәдениеті мен білімін жетілдіруге дайын, өмірдің өзгерістеріне бейімді, қоғамға өз пайдасын тигізе алатын белсенді тұлға етіп тәрбиелеу мақсаты көзделген. Жаңа стандартты жүзеге асыру механизмі мен мұғалім жұмысының нұсқаулығы болып табылатын пәндер бойынша оқу бағдарламалары мен жоспарларының құрылымы ұсынылып, курстан алған білімдері мен тәжірибелерін жаңа мазмұнды білім беру үдерісінде қолданып жатыр. Бастауыш сынып оқушыларына арналған сабақ мазмұны жеңіл формада құрылып, біртіндеп күрделену принципіне негізделген. Оқыту үдерісінде тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым дағдылары жүзеге асырылады.

   Көптілді меңгерген тұлға қалыптастыру мақсатында - тілдің біліктілік шеңберіне сәйкес деңгейлі оқытылуы мен тілдерді сөйлеу іс-әрекетінің төрт дағдысын (тыңдау, сөйлеу, оқу, жазуды) дамыту арқылы үйрену іске асырылуда. Үш тілді меңгеруді ерте жастан оқытуда ағылшын тілі, орыс тілдері пәнінің енуінің өзіндік ерекшелігі бар, оқытуда тірек сөздер қазақ, орыс, ағылшын тілінде беріліп, пәнаралық қолданысқа енгізілуде. Оқушы білімін бағалауда критериалды бағалау жүйесі қолданылады.

   Бастауыш сынып оқушыларына лайықты мазмұн мен оны оқытудың әдісін саралау, бала жанына жақын қарым-қатынас арқылы оларды дамыту мәселесін ғылыми жолға қою оңай мәселе емес екендігіне, оқу-тәрбие үрдісінің небір қиын проблемаларына тап болып, оны шешу жолындағы басқару әрекеттерін дұрыс ұйымдастыра білгенде ғана жұмысымыз нәтижелі болатыны сөзсіз.

   Жаңартылған білім беру мазмұнынын оқу мақсаттарына жетуде бастауыш сынып ұстаздары оқыту мен оқудың белсенді әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану арқылы, оқушының өз ойын еркін айта алатыны, командамен жұмыс жасай алу дағдыларының дамығанын және оқушының өзін-өзі бағалау арқылы жетістікке жетуге ұмтылатынын байқадық. Сабақ барысында оқу мақсаттарына жетуге талпынатын оқушыларға оқу жетістіктерін жақсартуға көмектесетін кері байланыс пен қолдау үнемі көрсетіледі.

   Жаңартылған білім беру мазмұнын апробациялауда оқытудың белсенді әдістерін бастауыш мектеп жағдайында тиімді қолдану тәжірибесімен ұстаздар үнемі алмасып отыру арқылы белсенді әдістердің оқушылар шығармашылығын арттыруда тиімділігіне көз жетіздік. Шығармашылық қабілет баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз- бастауыш сынып оқушысы бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерді ашып көрсету.

Сайт бойынша іздеу

Сайтқа кіру

Сайт статистикасы

Бүгін1
Кеше2
Апта12
Ай164
Барлық күндері37874

 

 

Температура параметрі

winter