10
7
8
9




Экскурсия по школе
Блог директора

<< < Желтоқсан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 25
26 27 28 29 30 31  

«Сыңғырла алғашқы қоңырау»

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Білім күніне арналған «Сыңғырла алғашқы қоңырау» атты салтанатты тікжиыны 2016-2017 оқу жылы

   

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Білім күніне өткізілген салтанатты жиынның «Сыңғырла, алғашқы қоңырау!» атты жиын сағат 10.00 де бастады. Тік жиын білім әлеміне апаратын ұстаздарымен 1 «А», 1 «Ә», 1 «Б» сынып оқушыларының алғашқы қадамдары қошаметпен ортаға шығып таныстырылды. (60 оқушы 1-ші сыныпқа келді. 1 «А», 1 «Ә», 1 «Б» сыныптары.)

   1-ші сынып жетекшілері Сапар Ақерке Асылханқызы, Дүйсенова Шолпан Мекенқызы, Ауғалиева Дана Тойласынқызы таныстырылды. Тік жиын Қазақстан Республикасының мемлекеттік туына сап түзеп Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы көтерілді. Ту көтеру рәсімі оқу үздігі, аудандық, облыстық пән олимпиадаларының жүлдегерлері 11-ші сынып оқушылары Еркін Арнат пен Мандахбаяр Сараға тапсырылды. Салтанатты жиынға келген қонақтар Мәлік Кенжеұлы Жусупов, мектебіміздің ардагер ұстаз Сақыпжамал Таубасқызымен танысытырлды. Алғашқы құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Самал Сақтасынқызы Мажитовамен кент әкімінің орынбасары Мәлік Кенжеұлы Жусуповке берілді. Салтанатты тік жиынның өту барысында алғаш рет аттағалы тұрған бүлдіршіндер яғни 1-ші сынып оқушыларға сөз берілді. 2016-2017 оқу жылында ұстаздық жолын бастауын бастағалы тұрған жас мамандар құрметпен таныстырылды.

   Шамшырағым жан балам, асыл дана ата-анам!- демекші бүлдіршіндерімізге 1-ші сынып оқушысы Шамшырахимов Азиздің атасы Шамшырахим Каукенұлы сөз сөйледі.

   Тік жиын өз жалғасын Республикалық «Алтын микрофон» байқауының «Гран при» иегері 9-шы сынып оқушысы Жасқайратұлы Тәттімбеттің «Қазақстан» әнімен жалғастырды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Білім күніне өткізілген салтанатты жиынның «Сыңғырла, алғашқы қоңырау!» атты жиын Мемлекеттік Әнұранмен аяқталды.

   Салтанатты жиыннан кейін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 1-11 сыныптарда «Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбында Білім сабағы өткізілді.

   1-ші сынып оқушыларына «Менің Отаным Қазақстан» атты Елбасының сыйға тартқан кітаптары Майқайың кенті әкімінің орынбасары Мәлік Кенжеұлы Жусуповпен мектеп директоры Самал Сақтасынқызы Мажитова табыстады.

 

 

1
1

Сайт бойынша іздеу

Сайтқа кіру

Сайт статистикасы

Бүгін2
Кеше5
Апта26
Ай26
Барлық күндері36433

 

 

Температура параметрі

winter