10
7
8
9




Экскурсия по школе
Блог директора

<< < Қазан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

«Білім беру мазмұнын жаңарту аясында заманауи педагогикалық технологияларды қолдану»

   2016 жылдың 14 қазанында №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде Баянауыл аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет базасымен ұйымдастырылған «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында заманауи педагогикалық технологияларды қолдану» тақырыбында облыстық семинар өтті.

   Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың иннвациялық орталығының әдіскерлері, аудандық және қалалық әдістемелік кабинеттер меңгерушілері, Баянауыл ауданының білім беру бөлімінің әдіскерлері, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен кітапханашылары қатысты.

   Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығының директоры С.Ш.Слямова «2016-2017 оқу жылындағы аттестациялық кампанияның өткізілуі мен ұйымдастырылуы» тақырыбында әдістемелік-нұсқау кеңесін өткізді. Сонымен қатар Ж.А.Слямова педагогикалық қызметкерлердің қайта даярлау курстарына дайындық мәселесі бойынша айтып өтті. Павлодар облысының РГМК ОО әдістемелік қызметкерлерінің кадрлық құрамы жөнінде Л.А.Алейник есебін берді.

   «Заманауи педагогикалық технологиялар жаңартылған білім беру мазмұны үдерісінде» тақырыбында семинарда тәжірибе алмасу сабақтары, шебер сынып пен кітапханашылар жұмыстары көрсетілді.

   Әдістемелік кабинет меңгерушілеріне «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқу-тәрбие үдерісін басқару» тақырыбында Баянауыл әдістемелік кабинет меңгерушісі Г.З.Нұртаева мен №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің директоры С.С.Мажитова әріптестеріне шеберлік сағатын көрсетті. Басқару және көшбасшылық туралы көзқарастарын қалыптастыра отырып, практикалық тапсырмалар арқылы түсініктерін кеңейту мақсатында жұмыстар жүргізді. Сонымен қатар директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Нәтижеге бағытталған- Жаңартылған білім беру мазмұны» тақырыбында шебер сағатын өткізу барысында Баянауыл аудандық білім бөлімінің әдіскері С.Х.Мусатаева, директордың оқу ісі жөніндегі меңгерушісі А.Д.Хакимова, биология пән мұғалімі ІІІ деңгей сертификатталушысы Р.Б. Беремжанова өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұндық ерекшелігі пән мазмұнын жобалаудың күрделілік ұстанымы, яғни білім мен біліктердің білім мазұнының тақырыптары біртіндеп күрделеніп келуі туралы және пәндер арасында «ортақ тақырыптардың» пәнаралық байланыстарды жүзеге асырылатыны талқыланды. Жаңартылған білім мазмұнын апробациядан өткізуде Павлодар қаласындағы химия - биология бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебімен ынтымақтаса отырып, «Назарбаев зияткерлік мектептерінің» іс- тәжірибесімен кітапханашыларға арналған «Жаңашыл оқырманға- жаңашыл кітапхана» атты тақырыптағы шебер сағатты Баянауыл аудандық білім бөлімінің әдіскері М.Т.Шумакова, директордың оқу ісі жөніндегі меңгерушісі Ботаева А.Б. және кітапхана меңгерушісі Г.М.Касимова әріптестерімен бөлісті. Мысалы «Жазушы-сағат», «Карта және қаламгер», «Сөредегі кітаптар», «Тілек ағаш». Мерзімді басылымдарға оқушыларды тарту жолдары туралы айтып өтті. «Жаңартылған білім беру мазмұнындағы тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында Баянауыл аудандық білім бөлімінің әдіскері А.И.Ибраева, пилоттық сыныптар бойынша әдіскер Г.Т. Сулейменова, бастауыш сынып мұғалімі ІІІ деңгей сертификатталушысы А.М.Елеусизова оқу мен оқытудағы әдіс-тәсілдердің тиімді қолданылуына әдістемелік көмек көрсетті. «Lesson study -мұғалім мен оқушыны кәсіби дамытушы құрал». Сабақты бақылаудың түрлері мен сабақтан кейінгі талдау бойынша Баянауыл аудандық білім бөлімінің әдіскерлері А.Ы.Оразалина, мен М.Қ.Садвакасова, тарих пәні мұғалімі І деңгей сертификатталушысы Б.Р.Шокина бақылау мен талдау бойынша шебер сыныптарын көрсетті.

   Пәндер бойынша заманауи белсенді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып 7 тәжірибе алмасу сабақтары өткізілді. Жаратылыстану пәнінен 1 «А» сынып мұғалімі А.А.Сапар «Адамдар жануарлардан не алады?» тақырыбында тәжірибе жұмыстарын жасады. Сауат ашу пәнінен 1 «Ә» сыныбында «Мектеп ауласына саяхат. «Лл» дыбысы мен әрпі» тақырыбында командалық сабақты Ш.М.Дюсенова мен А.Қ.Жақсыбай жүргізді. Математикадан 1 «Б» сынып мұғалімі Д.Т.Аугалиева «Ұзындықты қалай өлшейміз?» тақырыбында тәжірибелі сабақ көрсетті.

   Пилоттық жобадағы жаңартылған білім беру мазмұнын апробациялау жұмыстары еінші жыл мектепте жалғасуда. Осы жобаға қатысатын сыныптарда тәжірибе алмасу сабақтарын өткізді. 2 «А» сыныбында математика пәнінен «100 көлемінде ауызша қосу және азайту. Жұптасып жұмыс жасаймыз» тақырыбында Г.Т. Сулейменова қазіргі заман талабына сай әдістерді тиімді тәсілмен қолдануды көрсетті. Ж.Е. Мұратова жаратылыстану пәнінен 2 «Ә» сыныпта «Жануарлар әлемінің көптүрлілігі» тақырыбында зерттеу жұмыстарын жүргізді. А.А. Арынжанова 2 «В» сынып оқушыларымен орыс тілі пәнінен «Семейный постер» тақырыбында тиімді әдістерді қолданып, нәтижелі сабақты көрсетті. Музыка пән мұғалімі А.А.Омарова 2 «Б» сыныппен «Мен мектеппен танысамын» тақырыбында қол жетімді ресурстарды қолданып, сапалы сабақты көрсетті.

   Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығының әдіскері Н.Н. Жолдыбаева «Критериалды бағалау жүйесінің ерекшеліктері» тақырыбында әдістемелік шебер сынып өткізіп. Критериалды бағалау жүйесінің ерекшеліктері жайлы әріптестерімен бөлісті.

1 1
1

Сайт бойынша іздеу

Сайтқа кіру

Сайт статистикасы

Бүгін2
Кеше5
Апта26
Ай26
Барлық күндері36433

 

 

Температура параметрі

winter