10
7
8
9




Экскурсия по школе
Блог директора

<< < Қараша 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 23 24 25 26
27 28 29 30      

Жаңалықтар

№1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің мектепалды даярлық «А» сыныбында «Әліппе» оқулығын апробациядан өткізу бойынша «Үлкендерге қарап өсемін. Д, ы, м, дыбыстарын қайталау» тақырыбында ата-аналармен өткен ашық сабақ туралы ақпарат

    23-ші қараша күні жоспарға сәйкес мектепалды даярлық «А» сыныбында тәрбиеші Борог Сункар «Әліппе» оқулығын апробациядан өткізу бойынша ашық сабақ өткізді. Ашық сабаққа он екі ата-аналар қатысты.

   Оқу-танымдық қызметтің барлық түрлерін сабаққа қолдана білді. Жеке, топтық жұмыстар жүргізді. Ынтымақтастық жағдайды қалыптастырды. Тиімді педагогикалық технологияларды үнемі қолданып отырды. Оқу үрдісінде әр баланың жеке мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескерді және жеке жұмыстар ұйымдастыра білді. Оқушылардың ойлау қабілетін дамуына жағдай жасады. Оқушылардың оқудағы жетістіктеріне күтілетін жоғары талап қоя білді. Интербелсенді тақтамен жұмыс жүргізілді. Борог Сункар балалардың пәнге деген қызығушылығын оята алды. Мектеп жасындағы балалардың психологиясы мен физиологиясын біледі және оны өз жұмысында қолдана алды. Ынтымақтастық принциптері негізінде оқушы-оқушы, оқушы-мұғалім ара қатынасын ұйымдастыра білді. Оқушылардың өз ойларын еркін жеткізуге және пікірлерін білдіруге жағдай жасады. Сабақта жағымды психологиялық ахуал тудырды және шығармашыл орта қалыптастыру әдістері мен түрлерін қолдана білді. Оқушылардың оқудағы жетістіктерін өзіндік және өзара бағалатты, бағалау әдістері мен тәсілдерін тиімді қолданды. Оқушылардың деңгейін ескере отырып бақылау-бағалау материалдарын қолданып отырды.

   Сабақ соңында ата-аналар тарапынан ашық сабаққа өз бағалары мен пікірлерін берді. Жалпы ата-аналар сабаққа қатысқандарына өте қуанышты болды. «Әліппе» оқулығын апробациядан қалай жүріп жатқанымен танысты.

 

1 1
1 1

Сайт бойынша іздеу

Сайтқа кіру

Сайт статистикасы

Бүгін15
Кеше10
Апта56
Ай44
Барлық күндері37498

 

 

Температура параметрі

winter