10
7
8
9




Экскурсия по школе
Блог директора

<< < Қараша 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Жаңалықтар

Күзгі Думан

    Күз табиғаты қызыл-сары түстермен құлпырып әдемі бір сұлу қыздың кейпіне енген тұста № 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде 3-11 сыныптар арасында «Күзгі думан» атты мерекелік кеш өткізілді. Кеште қызықты сән үлгілері, таңғаларлық көрмелер мен сан түрлі өнерлер көрсетілді. 4 бөлімнен тұратын мерекелік шарада әр сынып өз өнерлерімен, сән үлгісімен, күз мезгілінің кереметін көрсетіп, таң қалдыруға тырысты. Сондай-ақ ең өнерлі сыныптар мен үздік жұптар тағайындалды. Айта кетсек, 3-4 сыныптар арасында бас жүлдені 4 «а» сыныбы, 5-6- сыныптар арасында 5 «в» сыныбы, 7-8- сынпытары арасында 8 «ә» сыныбы иеленсе, ал мектебіміздің үздік түлектері 11 «ә» сынып оқушылары атанды. «Көрермендер көзайымы» номинациясымен мектебіміздің үздік жұбы ретінде Ордабаев Алишер мен Махат Мөлдір марапатталды. Өнер көрсеткен әрбір жұп өздерінің ерекше өнерлерімен көрерменнің қошеметіне бөленді. Тек өнер ғана емес, сонымен қатар сәнді мерекелік дастархан, қызықты ойындар мерекелік кештің көркін аша түскендей. Мектебімізде өтіп жатқан әрбір шара мектеп тарихында сақталары сөзсіз. Әділқазы алқаларының шешімдері бойынша үздік жұптар мен өнерлі сыныптар бағалы сыйлықтармен, мақтау қағаздарымен марапатталды.

 

Сайт бойынша іздеу

Сайтқа кіру

Сайт статистикасы

Бүгін2
Кеше5
Апта26
Ай26
Барлық күндері36433

 

 

Температура параметрі

winter