10
7
8
9




Экскурсия по школе
Блог директора

<< < Қараша 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 23 24 25
26 27 28 29 30    

Жаңалықтар

«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты республикалық ақпараттық науқан

    Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі - бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу. Осы бастаманы негізге ала отырып, «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты республикалық ақпараттық науқанның шеңберінде № 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде бірқатар іс-шаралар өткізілді. Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Дәулетбекқызы Ж. «Әлемді зорлық-зомбылықсыз қалай жасауға болады?» атты эссе жазу сағатын ұйымдастырды. Мектеп психологы Жақсыбай А. «Жанұяда балаға зорлық-зомбылық болмасын!» деген ұранмен 1-4-сыныптарда тренинг өткізді. Сонымен қатар, психолог Сағындық Д. 1-11 сынып ата-аналарына «Біз болашақтағы денсаулық үшін» атты кеңес сағатын өткізді. Әлеуметтік педагог Исабаев Ж.З. және Баянауыл ауданының жасөспірімдер инспекторы Нығметов Д.Қ. «Балалық заңмен қорғалған» тақырыбында оқушылармен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында оқушылардың құқықтары мен міндеттері, қоғамдағы тәртіп туралы әңгіме өткізілді. Сынып жетекшілер акция барысында балаларға «Бақытты балалық шақ», «Балалық шақ-жарқын болашақ!»тақырыбында мультфильмдер мен фильмдер көрсетілімін көрсетті. Көрсетілім соңында оқушылар бақытты балалық туралы пікір алмасып, өз ойларымен бөлісті. 1 «а» сынып жетекшісі Борог С. «Анам, әкем және мен-бақытты отбасымыз» тақырыбында көңілді старт сайысын өткізді. Сайысқа Бейсембеков Қанаттың, Искаков Серіктің , Алибеков Алиханның және Алибеков Марленнің отбасы қатысты. Сайыс өте қызықты, көңілді өтті. Мектеп медбикесі және кент ауруханасының акушер-гинекологі Кушенова Г.М. 8-11 сынып қыздарымен «Жасөспірімдердің жыныстық даму қауіпсіздігі» тақырыбында лекция өткізді. Мектеп тәлімгері Шокаева А. А. «Нашақорлықсыз әлем» атты акция ұйымдастырды. Науқан шеңберінде нашақорлық, ЖҚТБ, темекі мен ішімдіктің қоғамдық дерт екені атап өтіліп, оқушыларға брошюралар, үлестірмелер таратылды.

 

Сайт бойынша іздеу

Сайтқа кіру

Сайт статистикасы

Бүгін2
Кеше5
Апта26
Ай26
Барлық күндері36433

 

 

Температура параметрі

winter