10
7
8
9




Экскурсия по школе
Блог директора

<< < Қыркүйек 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Жаңалықтар

Білім күніне арналған «Сыңғырла, алтын қоңырау» атты салтанатты тікжиынның анықтама есебі 2017-2018 оқу жылы

    Білім күніне арнап өткізілген «Сыңғырла, алтын қоңырау!» атты жиын сағат 10.00 де бастады. Тікжиын білім әлеміне апаратын ұстаздарымен 1 «А», 1 «Ә», 1 «Б» сынып оқушыларының алғашқы қадамдары қошеметпен ортаға шығып таныстырылды.

   1-сынып жетекшілері Жунусова Дариға Талапкерқызы, Борог Сұңқар, Елеусизова Асылгүл Манапқызы болып таныстырылды. Тікжиында Қазақстан Республикасының мемлекеттік туына сап түзеп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы көтерілді. Ту көтеру рәсімі оқу үздігі, Ертіс дарынының олимпиада жүлдегері 11-ші сынып оқушылары Қанат Ерболат пен Жантемір Жаннаға тапсырылды.

   Салтанатты жиынға Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары Тоқжігітова Бақыт Кенжеқайырқызы қатысты. Алғашқы құттықтау сөз кезегі Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары Тоқжігітова Бақыт Кенжеқайырқызы мен мектеп директоры Мажитова Самал Сақтасынқызына берілді. Тікжиын өз жалғасы 8-сынып оқушысы Арман Гүлнардың орындауында «Мектебім» әнімен жалғастырды.

   Салтанатты тікжиынның өту барысында алғаш рет аттағалы тұрған бүлдіршіндерге, яғни, 1-ші сынып оқушыларына сөз берілді.

   2017-2018 оқу жылында ұстаздық жолын жаңадан бастағалы тұрған жас мамандар құрметпен таныстырылды.

   Тікжиын соңы көптен күткен Алғашқы қоңырау соғу рәсімі құрметпен 11 «а» сынып оқушысы Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен Республикалық олимпиаданың 3-дәрежелі дипломының жүлдегері Серік Қырмызы мен 1 «б» сынып оқушылары Серкебаев Нұрасыл мен Манарбек Кәусарға тапсырылды.

   Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Білім күніне өткізілген салтанатты жиынның «Сыңғырла, алтын қоңырау!» атты жиын Мемлекеттік Әнұранмен аяқталды.

   Салтанатты жиыннан кейін Қазақстан Республикасының Конститутция күніне орай 1- сыныптарда «Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

 

1 1
1 1

Сайт бойынша іздеу

Сайтқа кіру

Сайт статистикасы

Бүгін15
Кеше10
Апта56
Ай44
Барлық күндері37498

 

 

Температура параметрі

winter