10
7
8
9




Экскурсия по школе
Блог директора

<< < Қазан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Жаңалықтар

Ұстаздар күні мерекесіне орай өткізілген «Ұстаз – ұлағатты есім» атты іс шараға

    «29.09.2017 жылы біздің білім ордамызда айтулы мерекелердің бірі ұстаздар күні жоғарғы деңгейде аталып өтті. Концерттің шымылдығын «Вокал» тобы «Ұстаз-Ана» әнімен ашып берді. Одан әрі мектеп табалдырығын енді ғана аттаған 1-сынып бүлдіршіндері арнайы дайындаған құттықтау өлеңдерін оқыды. Мерекелік концерт барысында ұстаздарға арналған 3 тілде (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) қызықты ойындар ойнатылды. Қазақ тілінде «Мені тап», «Емтихан» «Әріптер сөйлейді» тақырыбындағы ойындар, орыс тілінде «Указка» және «Никаких эмоции», ал ағылшын тілінде «INSIDE-OUT» ойыны ойнатылып, ағылшын тілінде сергіту сәті өткізілді. Ордабаев Алишер ұстаздарға арналған өз жүрегінен шыққан жылы лебізді өлең жолдарын арнау арқылы ұстаздардың мерейін, мерекенің сәнін келтірді. Дүйсенбаев Ересім мен Амиров Мәди қазақтың үкілеген қара домбырасымен күмбірлете күй шертіп мерекені жандандырды. Кеш соңында Майлыбай Әсем «Ұстазым» әнін орындап, 11-сынып түлектері дайындаған шағын видеоролик көрсетілді.

 

1 1

Сайт бойынша іздеу

Сайтқа кіру

Сайт статистикасы

Бүгін15
Кеше10
Апта56
Ай44
Барлық күндері37498

 

 

Температура параметрі

winter