10
7
8
9




Экскурсия по школе
Блог директора

<< < Желтоқсан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

«Оқыту үдерісіндегі педагогикалық технологияның тиімділігі»

 

   Жаңартылған білім беру мазмұны: оқыту үдерісіндегі педагогикалық технологиялардың тиімділігін практика және тәжірибе барысында көрсету шеңберінде 2017 жылдың 5 желтоқсан күні Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің практик мұғалімдерінен құрылған шығармашылық топ мүшелерін бастап келген А.Ж.Көпеев, НЗМ мұғалімдері К.С.Конкышев, Б.Т.Тулеубаева, М.Мұғраж, А.С.Қуатова, Н.Р.Жакупов және Павлодар педагогикалық шеберлік орталығының тренері Б.Д.Нығыметова, мектеп жаңартылған білім беру мазмұнын жаңарту бойынша ҚР Білім және Ғылым министрлігінің пилоттық жобасына қатысатын Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебін басқарып отырған С.С.Мажитова және мектеп тренерлері мен мұғалімдер ұжымы бірлескен «Оқыту үдерісіндегі педагогикалық технологияның тиімділігі» тақырыбында облыстық практикалық семинар өткізді.

   Семинарға Баянауыл ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Г.З.Нұртаева және әдіскерлер Г.К.Каримова, Г.Қ.Қошанова, А.Р.Оразалина, М.Қ.Садвакасова, С.Х.Мұсатаева, ауданның 24 жалпы орта білім беру мектептерінің 210 пән мұғалімдері қатысты.

   Семинар барысында 10 шеберлік-сынып, пилоттық 3-сыныптарда 7 командалық, кіріктірілген ашық сабақтар және жаңартылған білім беру мазмұнындағы 2,5,7-сыныптарда 15 тәжірибе алмасу сабақтары көрсетілді. Сонымен қатар Назарбаев Зияткерлік мектеп мұғалімдері мен №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің практик мұғалімдерімен бірлескен физика, қазақ тілі, тарих, география пәндері бойынша бірлескен командалық сабақтары тиімді өткізілді.

   Өткізілген сабақтарда топтық жұмысты ұйымдастыру бойынша ғана емес, сондай-ақ оқушылардың ынтымақтастық дағдыларын дамыту бойынша да, балалардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес әдіс-тәсілдер ұсынылды. Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары шебер-сыныптар өткізу барысында мұғалімдерге үнемі оқыту мен оқуды қалай жақсартуға болатынына байланысты әдіс-тәсілдер туралы айтып түсіндірді.

   Өз ісінің шебері, білікті де білгір маман, Назарбаев Зияткерлік мектебінің бейінді эксперименталды жұмыс бойынша директордың орынбасары А.Ж.Көпеев Зияткерлік мектеп және пилоттық мектеп мұғалімдердің барлығын ұйымшылдықпен жұмыс жасауға біріктіріп, өз ортамызда ынтымақтастық ортаны қалыптастыра білді. Семинар барысында түрлі әдіс-тәсілдерді, оқытудың жаңаша формаларын қолдану арқылы әр сабақты бір-біріне ұқсамайтындай етіп жоспарлаған мұғалімдер оқушыларға берілген тапсырмаларды өз бетінше орындатып, нәтижеге өздерінің қол жеткізуіне бағыт-бағдар беріп, оқушылардың талмай жұмыстануына жетекшілік жасады.

   Семинарға қатысушылар пилоттық және жаңартылған білім беру мазмұнындағы сыныптарында өткізілген әр сабаққа зор ықыласпен, аса қызығушылықпен қатысып, жаңа мазмұнды білімнің тиімділігін түсініп, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тәжірибелік тұрғыда меңгеріп, нәтижеге бағытталған сабақтарды жоспарлауды үйренді. Өткізілген практикалық семинар қатысушы мұғалімдерге кері байланыстар мұғалім мен оқушы арасында, оқушы мен оқушы арасында, мұғалім мен мұғалім арасында жүзеге асырылды.

   Семинар соңында Назарбаев Зияткерлік мектебінің бейінді эксперименталды жұмыс бойынша директордың орынбасары А.Ж.Көпеев Астана қаласының «НЗМ» ДББҰ ПШО директоры Е.К.Қасымбековтің Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңартуды енгізу бойынша атқарған жұмыстары үшін №1 Майқайың жалпы білім беру мектебінің директоры С.С.Мажитоваға және пилоттық жобада жұмыс жасап келе жатқан Г.Т.Сулейменова, А.А.Арынжанова, А.М.Оразбаева, Ж.Е.Муратова, А.Қ.Жақсыбайға Алғыс хатын табыстады.

 

1 1
1 1
1 1

Сайт бойынша іздеу

Сайтқа кіру

Сайт статистикасы

Бүгін0
Кеше4
Апта4
Ай37
Барлық күндері36444

 

 

Температура параметрі

winter