10
7
8
9




Экскурсия по школе
Блог директора

<< < Сәуір 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Ақ бата-асыл мұра

   

   Қазақ халқының әдет-ғұрпында ақ тілек, ізгі ниет білдіру- есте жоқ ескі заманнан бері бар үрдіс. Ол өлең, көркем қара сөзбен айтылып, ауыз әдебиетінің бір жанры болып қалыптасқан. Бата өмірдің пайдалы да тәрбиелік жақтарын алға тартып, күнделікті тіршілікте жаңсақ қадам, жаман әрекеттен сақтандыра отырып, адамдық іс-әрекет , асыл мінез-құлықта сәт-сапар, оң жол тілейтін өсиет сөз іспетті. Айталық, белгілі бір істі бастарда, ұзақ жолға шығарда ақсақалдардың ақ батасын алу — қазақтың ежелгі дәстүрі.Бүгінде асыл мұраға айналған ақ батаның бірнеше түрлері бар. Атап айтсақ, наурыз батасы, ас батасы, ораза батасы, сапар батасы т.б.

   № 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамына орай «Ақ бата-асыл мұра» атты бата беру сайысы өткізілді. Әр сыныптан қатысқан оқушылар сайыс кезеңдеріне сай бата жаттады.Бата беру мәнері де ескерілді. Сайыс қорытындысы бойынша, Бас жүлдені 6 «ә» - сынып оқушысы Жарғалбек Қарақат, І орынды 6 «б» сынып оқушысы Ерболатқызы Арай, , ІІ орынды 5 «в» сынып оқушысы Тогтамұрат Нұралы, ІІІ орынды 6 «г» сынып оқушысы Мулик Ақжол және 7 «б» сынып оқушысы Ботаев Арлан иеленді, олар алғыс хатпен марапатталды. Сайыс соңында, 6 «г»- сынып оқушыларының орындауында күй тартылып, жиналған көпшіліктің көңілін бір көтеріп тастады.

 

Сайт бойынша іздеу

Сайтқа кіру

Сайт статистикасы

Бүгін15
Кеше10
Апта56
Ай44
Барлық күндері37498

 

 

Температура параметрі

winter