10
7
8
9




Экскурсия по школе
Блог директора

<< < Сәуір 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

«Бауырсақ PARTY» жәрмеңкесі

   

   Қазақ дастарханының сәні-бауырсақ. Бауырсақ есте жоқ ерте заманнан қазіргі кезге дейін қазақ дастарханынан үзілген емес. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы қарсаңында № 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде «Бауырсақ PARTY» жәрмеңкесі өткізілді. Мақсаты: Ұлттық дастарханымызға тиесілі дәм дайындау және ұмытылып бара жатқан бауырсақ түрлерін жаңғырту. Жәрмеңеге 8 «а», 8 «ә», 8 «б» және 9 «а»,9 «б», 9 «в» сыныптың қыздары қатысты. Олар ашыған, ашымаған, тәтті, өрме бауырсақтар, май қосылған, бал қосылған бауырсақтар, ши бауырсақ, шелпек, ұсақ, дөңгелек, қытырлақ, шай бауырсақтарды пісіріп, сатылымға ұсынды. Жәрмеңке қатысушылары бауырсақ түрлерінің сан түрлі және дәмді екенін атап өтті. Ұлттық нақышта киінген қыздар жәрмеңкенің сәнін одан сайын арттыра түсті.

 

Сайт бойынша іздеу

Сайтқа кіру

Сайт статистикасы

Бүгін15
Кеше10
Апта56
Ай44
Барлық күндері37498

 

 

Температура параметрі

winter