10
7
8
9




Экскурсия по школе
Блог директора

<< < Наурыз 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
26 27 28 29 30 31

Ұлттық ойындар-ұлтымыздың құнды мұрасы

   

   Қазақ халқы ұлт ойындарына бай халықтардың бірі. Бірақ ол ертеде ауызекі туып, жалпақ жұртқа ауызекі таралып отырған да, сондықтан көпшілігі бүгінгі күнге ұмытылмай жеткен. Қазақ ұлттық ойындарды елдің өмірімен тығыз байланысты, оның шаруашылық, экономикалық, әлеуметтік тұрмысынан туған. Сондықтан оның тәрбиелік мәні өте жоғары, әрі құнды. № 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы қарсаңында қазақтың ұлттық ойын түрлерінен жарыс өткізілді. Ерлікті, шапшаңдықты, тапқырлықты, күш – қуаттылықты, төзімділікті қажет ететін ойын түрлері бойынша жарысқа 3-8- сынып оқушылары белсене қатысты. Оның ішінде арқан тартыс, тоғызқұмалақ, асық ату сияқты ұлттық ойын түрлері қамтылды. Арқан тартыс, қол күресте оқушылардың күш-қуаты, ептілігі ескерілді. Сақ, ғұндар дәуірінен бері қарай 4 мың жылдық тарихы бар тоғызқұмалақ ойынын да оқушылардың ақыл-ой қабілеті сыналды. «Тоғызқұмалақ» ойыны көшпенді өмір салтының айнасы іспеттес, ол – тірі тарих екені айтылды. Шапшаңдыққа, мергендікке, сергектікке тәрбиелеу мақсатында өткізілген асық ойынына да оқушылар зор қызығушылық танытты. Қазақтың ұлттық ойындары бойынша өткізілген жарыс нәтижесінде оқушылар командалық есепте және жекелей марапатқа ие болды.

 

Сайт бойынша іздеу

Сайтқа кіру

Сайт статистикасы

Бүгін15
Кеше10
Апта56
Ай44
Барлық күндері37498

 

 

Температура параметрі

winter