10
7
8
9




Экскурсия по школе
Блог директора

<< < Қаңтар 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қысқы демалыс

   Қысқы демалыс уақытында мектеп оқушыларының бос уақытын қамтуды тиімді ұйымдастыру мақсатында мектебімізде әр түрлі іс-шаралар өтті. 4-5 қантар аралығында 4-7 сыныптардың ұйымдастыруымен мектеп алаңында қардан ертегілер кейіпкерлерінің мүсіндерінен көрме жасады.

   5 қаңтар күні «7 керемет» 7-сыныптардың қыздар арасында ұлттық қол өнерді дамытуда әр түрлі мүсіндер, кестелер жасады.

   6 қаңтар күні 8-сынып оқушыларының қатысуымен «Ал, қанекей қыздар!» тақырыбында қыз балалар арасында ұлттық салт-дәстүрді насихаттау мақсатында сайыс өтті. Сайыста қатысушыларға әр түрлі викториналық сұрақтар қойылып, білімдері тексерілді. Сайыстың қорытындысы бойынша I орынды 8 «Б», II орынды 8 «Ә», III орынды 8 «А» сынып қыздары иеленді. Мектебімізде білім сайыстарымен қоса спорттық сайыстар да өткізілді. 30 желтоқсан күні дене шынықтыру мұғалімдері Е.Е.Байкадамов пен Б.Х.Сыздыкова 2-3 сыныптар арасында пионерболдан жарыс өткізді. I орынды 3 «Ә», II орынды 2 «Б», III орынды 3«А» сынып оқушылары иеленді.

   7 қаңтар күні спорт кешенінде алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Т.М.Суюнбековтың ұйымдастыруымен Әскери патриоттық сайыс өткізілді. Бұған 10-11 сыныптың ұлдары қатысты. Сайыс автомат бұзу, турникке тартылу, қашықтыққа жүгіру сынды кезеңдер бойынша өтті. Сайыс жоғары деңгейде өтті.

   5 қаңтар күні мәжіліс залында мектебіміздің көркемдік жетекшісі А.А.Омарованың ұйымдастыруымен Жаңа жыл әндерінен 5-6 сыныптардың қатысуымен сайыс өткізді. Оқушылар әсем әндер шырқап, кешті жоғары деңгейде өткізді.

1 1
1 1

Сайт бойынша іздеу

Сайтқа кіру

Сайт статистикасы

Бүгін4
Кеше2
Апта4
Ай37
Барлық күндері36444

 

 

Температура параметрі

winter